«Анам туған күнімді қаралы күнге балайды»

«Анам туған күнімді қаралы күнге балайды»

Редакциямызға хабарласқан оқырманымыз жан сырын бөлісіп, жұртқа жеткізгісі келеді екен. Ол туған күнін тойлауды ұнатпайды. Туған күні жақындаған сайын күйзеліске түседі. Айтуынша, мұның да себебі бар. Кейіпкер хикаясын қаз-қалпында жарияладық.

 

- Сәлеметсіздер ме?!

 

Мен анамның мейіріміне бөленбедім. Әке-шешеміз отбасын құрған соң анам қатарынан үш қыз туыпты, бірақ шаңырақтың иесі болатын, әкемнің тегін жалғастыратын ұл баланы дүниеге әкелуді қалаған екен.

 

Ал әкеміз тарапынан мұндай алаңдаушылық қатты болмаған сияқты, өйткені ол қыздарын қатты жақсы көретін. «Ұлым болса» деп қайғырғанын да, бізге ұрысқанын да көрмедім.

 

Анам үш әпкемнен кейін төртіншісіне жүкті болады. Қалауы орындалып, шекесі торсықтай ұл бала туады. Сол кездегі отбасымыздың, әсіресе анамыздың қуанышын кейін естіп білдім.

 

Ағам үш жастан асқанда анам маған аяғы ауыр болады екен. Аурушаң болып туылған ұлдары төрт жасқа жетпей шетінеп кетеді.

 

Оның қазасы анама қатты ауыр тиіп, ұлы шетінеген күні мен өмірге келіппін. Ауыр қайғыға шыдай алмай, толғағы ерте келіпті.

 

Міне, менің тағдырымның қалай болғанын енді ойлай беріңіз. Ес білгелі анамның маған деген сәл де болсын мейірімін сезіне алмадым.

 

Шешем маған қарай алмай, төсек тартып, жатып қалған соң әжемнің тәрбиесінде өсіппін. Мені босанғаннан кейін қайта бала көтере алмады.

 

Үлкендердің сөзінше, Жаратқаннан жалынып, сұрап алған жалғыз ұлының қазасы оны есеңгіретіп тастайды.

 

Әжем мені үнемі қойнына алып жататын, не қаласам орындауға тырысатын. Әпкелерімнің біреуімен сөзге келіп қалсам, «оған тиіспеңдер, анасының мейірімінен мақұрым қалған бала» деп мені жақтап отыратын кездерін құлағым шалып қалатын.

 

Ал әкем әкелік мейірімін аяған жоқ. Әкем мен анам мен үшін жиі сөзге келіп қалатын. Әкем үнемі менің кінәм жоқ екенін айтып жататын. Алайда анам маған ашылмады. Бір рет те мейірім толы көзбен қарап, жылы сөз айтпады.

 

Көңіліне жақпайтын қылық жасасам, кейде қатты ұрсатын. Егер үйде әжем жоқ болса, онда әжем келгенше сыртта жүретінмін. Соны білетін әжем қайда барса да мені жанынан қалдырмай ертіп жүретін.

 

Осылайша зымырап уақыт та өтіп жатты. Мен үнемі Жаратқаннан әжемнің амандығын сұраушы едім. Егер әжем болмаса, онда өзімді нағыз жетім бала болып қалатын сияқты сезінетінмін. Әжем де «мен кетсем, бұл қыздың тағдыры не болмақ» деп әкеме айтып отырушы еді.

 

Әкем өте жұмысбасты адам болды. Сондықтан да үйде көп бола бермейтін, бірақ шешемді әркез сабырға шақырып отыратын.

 

Әжем екеуі анама «төрт қызыңа өмір тіле, қайтқан жан келмейді, барыңды бағала» деп айтып отыратын. Анам үш әпкеме жақсы қарайды, оларды жақсы көреді, кейде беттерінен сүйіп жатады.

 

Анам жалпы балаға жақын адам емес. Ал көргендер: ағам дүниеге келгенде оның ұлына қалай қарайтынын жыр қылып айтатын.

 

Естуімше ұл туған соң, қыздарына көңіл бөлуін азайтқан. Бірақ кез келген ана үлкендерінен көрі кенжесіне қатты көңіл бөлетіні анық қой. Сондықтан қатты кінәлай алмаймын. Әрі зарыға күткен ұл баласы болған соң, анамның әрекетін теріс деп те айтпаймын.

 

Мені қинайтыны &ndash ағамның қазасына мені кінәлі санауы шығар. Ол маған: «сен кінәлісің» айтқан емес. Бірақ көзқарасы, қарым-қатынасы, әрекеттері соны байқатып тұратын.

 

Мен есейген сайын туған күнім ешқашан атылып өткен емес. Отбасыммен арқа-жарқа болып, туған күн өткізбегенмін.

 

Әжем маған жасырып сыйлық сыйлайтын. Әлі есімде: Әжем менің көңілімді көтергісі келсе керек, 10 жасқа толған туған күнімді кішігірім ғана атап өтпекші болған кезде үйдегі айқай-шу әлі де көз алдымда. Шешемнің: «Оның туған күнін не деп тойлатпақсыңдар, бұл күн - тойлататын күн емес» деп айқайлағаны, жылағаны, әжемі ренжігені есімнен кетпейді. Ақыр соңы үлкен жанжалмен аяқталған еді.

 

Содан кейінгі жылдары әжем де туған күнімді тойлау әрекетін жасамады. Жүрегі шайлығып қалса керек.

 

Жыл сайын туған күнімде әпкелерім де, әкем де, әжем де мені анама көрсетпей құттықтайтын. Бәрінің көзінен маған деген аяушылық сезімін байқайтынмын. Ал бұл маған ұнамайтын. Міне, осындай себептерден кейін туған күнімді жек көрем.

 

Жылда туған күнім жақындаған сайын қатты күйзеліске түсем. Сол күні анамның көңіл-күйі белгілі, «басқалары мені тағы одан жасырынып, қалай құттықтай алар екен» деген сауалдар жанымды жейді.

 

Үш әпкемнің туған күні де керемет өтпейтін. Менің мерекем дұрыс өтпейтін болған соң әкем мен әжем қас-қабағыма қарай ма, оларға да аста-төк дастархан жасап тойламайтын. Ең болмағанда оларды ешкім туған күнімен жасырын құттықтамайды, оларды анам құттықтайды және ең бастысы олар туған күнін жек көрмейді. Мен сияқты күйзеліп қарсы алмайды, Олар күтіп, қуанышпен қарсы алады. Сол күні бақытты болады. Ал мен бұл сезімді ешқашан сезіне алмаймын. Бұған ешкімді де кінәлай алмаймын, өйткені, әулеттің атын жалғастырар ұлынан айырылған күнді кім тойлатқысы келсін? Бірақ менің де кінәм жоқ қой. Сонда кім кінәлі?

 

Анаммен ешқашан әңгімелескен емеспін. Ашық сөйлеспек түгілі көзіне тіке қарай алмаймын. Жанымды ауыртар қатты сөз айтпаса да мені жақсы көре алмайтынын сезінетін едім.

 

Анам үшін кінәлі адам мен сияқтымын. Бірақ әжем оған түсініп қарауымды үнемі өтінді. Жағдайды барынша жұмсақ түсіндіруге тырысатын. Әжемнің тәрбиесінде өскенім шығар, «ақылды бала болдым» деп айта аламын. Ешқашан ешкіммен сөзге келмейтінмін. Тек сабағымды оқып, үлгілі оқушы болдым. Алайда бізді білетіндердің көзінен маған деген аянышты ғана көретінмін. Уақыт өте келе мұндай көзқарастарға да етім үйренді. Жаратқан тілегімді қабыл алды. Әжем мен тұрмыс құрған соң өмірден өтті. Әжем кеткен соң ол үйге мүлдем барғым келмейді. Ұзатуымды да әжем мен әкемнің ұйымдастырумен ештеңеден кем болмай өтті.

 

Анам тым болмаса аналық міндетін тойымда әкемнің қасында тұрып өтейін деген болар, еш сөз шығармай, көп сөйлемесе де күйеуінің жанынан табылды. Тек сол күні ғана маңдайымнан сүйіп, бақытты болуымды тіледі. Тым болмағанда осы бір әрекет үшін маған борышкер еді.

 

Әпкелерім де үнемі оған түсініп қарауым керек екенін айтатын. Мен тұрмысқа шыққан соң да туған күнімді дұрыс тойлата алмадым. Кішкентайымнан санамда сақталған қорқыныш бар. Бұл маған еркін тойлатуға ешқашан мүмкіндік бермейтінін түсінем.

 

Әжем де өле-өлгенше анамды түсінуімді айтып өтті. Ал мен оның маған деген мейірімі оянбаса да бір күні ашылар деп үмітімді үзбей келемін, бірақ орындалмайтын арман екенін де білемін.

 

Шүкір, отбасымда бақыттымын. Жан жарым да, бала-шағам да бар.

 

Алайда анамның мейірімінсіз есеюім, туған күнімнен қорқуым &ndash менің жан жарама айналғаны өте өкінішті.

 

 

Дайындаған &ndash Ж.Хумар

kz.otyrar.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста