Отбасы - ошақ қасы

Анама жар іздеймін...

  • https://zen.yandex.ru/

    https://zen.yandex.ru/

«Шешеме шал іздеймін! Анамның жасы биыл 43-ке келді. Осыдан үш жыл бұрын әкем жол апатына түсіп, өмірден озған еді. Көкемді (әкемді көке деймін) жоқтап, зар еңіреп артында біз қалдық. Бірақ, неге екенін білмеймін, бір күні күліп-ойнап көкем оралатын секілді. Анамды, мені, сіңілімді сағынып ұзақ бір сапарда жүр. Ол сөзсіз оралады. Ол сөзсіз мауқымды басады. Қауышамыз, онымен», – дейді «Алаш айнасына» жан сырын ақтара хат жолдаған Айгүл.

 

«Мен соңғы үш жыл бойы өзімді-өзім осылай алдап келдім. Десек те, тірі адам тіршілігін жасайды екен. Сол тіршілікті жалғастырып, сұрқай өмірді гүлдендіру үшін шешеме шал керек болып жүр.

 

Жо-жоқ, Сіз басқалай ойламаңыз. Шешем көкемді шын сүйді. Оның адал махаббатына дақ түсіретіндей ойы жоқ. Құдайдан біздің амандығымызды тілеп, жұмысын істеп шапқылап жүр. Осыдан бір жарым жыл бұрын мені той жасап ұзатты. Әкемнен айрылғаны «нешеуа» екен, мені өмірлік серігім әкеткен күні қалай жылағанын көрсеңіз. Сол кезде мен шешеме серік керегін түсіндім.

 

Қазір менің жасым 21-де. Жар бақытын сезініп, сәби сүйдім. Ер адамның әйел затына қаншалықты қажет екенін түйсіндім. Шынын айтайын, жолдасым бір аптаға іс-сапармен өзге қалаға кетсе, жапан түзде жалғыз қалғандай жабығамын. Жабығам да, анамның жайын ойлаймын. Менің жан-жарым бір аптадан кейін сөзсіз оралады. Ал, шешемнің сүйгені ше? О дүниеге, мәңгілік келмеске кетті ғой... Анам бұны ойламауы мүмкін емес.

 

«Қыз – жат жұрттық». Шынын айтайын, мен шешемнің жанында мәңгілік жүре алмаймын. Биыл 9-ға келген сіңілім де, бойжеткеннен кейін өзге шаңырақтың ошағына ие болып, кете барады. Анамның онан кейінгі өмірі не болмақ? Өзіңіз ойлаңызшы.

 

Мен жетімдік дегеннің қандай болатынын сезіне алмадым. Көкем қайтыс болғаннан кейін бір жарым жылдан кейін тұрмысқа шықтым. Күйеуімнің әке-шешесі мені өз қыздарындай көреді. Ал, сіңілім жетімдіктің тауқыметін әзірдің өзінде тартып жатыр. Ертең ол күйеуге шыққанда қайынжұрты жетімдігін бетіне баспасына кім кепіл?

 

Кейде «шешем осыған дейін бір ұл тауып алғанда ғой» деп ойлаймын. Онда анам қалған ғұмырын сол ұлдың жолында құрбан етсе де өкінбес едік. Бірақ, меніңше әлі кеш емес. Анамның жайын түсінетін бір шал табылса, шешем әлі бір-екі сәби сүйетін қауқары бар деп ойлаймын. Онда сіңілім де жалғызсырамас еді. Өзіне бауыр, бауырды былай қойып, әке табар еді.

 

Қайран, көкем! Егер сен тірі болсаң, мен бейбақ мұндай күпір ойларға барар ма едім? Қазір «аға өлсе жеңге мұра, іні өлсе келін мұра» дейтін әмеңгерлік заңы да жоқ. Қазақ ұлы халық қой, салт-санасымен, дәстүрімен жетім мен жесірді жылатпаудың жолын тапқан. Ал, қазір ше? Бұдан да айырылдық.

 

Мен ішкі сырымды неге жазып отырмын? Енді осыған келейік. Біріншіден – шешем әлі жас. Оның ұзақ ғұмыр сүргенін қалаймын. Алла жәрдем берсе, анам жүзге келеді. Ол 100-ге дейін әлі 60 жыл өмір сүруі керек. Ол 60 жылды жалғыз өткергеннен гөрі, қасында жаманды-жақсылы шалы болғаны жақсы емес пе? Осы ойларымды шешеме айтайын десем, батпай жүрмін. Сіздер де ой қосыңыздаршы... Сосын, бір шешімге келіп, осы ішкі жан-сырымды «Алаш айнасы» сайты арқылы анама оқытып көрейін. Бәлкім, шал қажеттілігін ол кісі де мойындар».


Сәлеммен Айгүл Қайнарқызы 

alashainasy.kz/




Көрілген: 3591    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.08.2020, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31