Отбасы - ошақ қасы

Анамды бұл жолдан қалай қайтарам...

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Бойжеткен қызбын. Менің бар мәселем отбасым. Сырт көзге бақытты болып көрінерміз, бірақ бәрі керісінше.


Мамам 40-тан әасқан. Соңғы 5 жылда басқа еркектермен сөйлеседі, жүреді. Сол себепті әкем екеуінің арасы алыстап кеткен. Әкем оны әзірге басқа еркекпен ұстап алған жоқ, бірақ бәрін сезеді, береке жоқ үйде.


Ал біздің көзімізше мамам басқа еркектермен сөйлесе береді. Жылап та айттым, ұрысып та, тіпті кейде төбелесуге дейін барамыз. Ол үшін Аллам мені кешірмес. Бірақ бізге істеп жүргендеріне жүрегім езіледі. Менің алдымдағы ағам үйге келмейтін болды. Мені қойшы, өзімнен кейінгі іні-сіңілімді ойлаймын, Олар әлі кішкентай, көргендері күнде ұрыс-төбелес, психикалары бұзылатын болды, не тәрбие алады ата-анасынан.


Анам мүлде үйге көңіл бөлмейді, көше ойының бәрі. Мен қашанғы папамның тамағын істеп, кірін жуып жүре беремін?Оқуға да түсе алмай жүрмін. Осының бәрін тастап күйеуге шығып кете салғым келеді, бірақ үйге кім бас-көз болады? Әкем соңғы кезде "шешеңді басқа еркекпен ұстап алсам, өз қолыммен өлтіремін" деп жиі айтады.


Үйдің үлкен қызы болған соң бәрін маған айтады. Папам арасында ішіп алса, осы себепті үйде төбелес. Сол кезде мамамды қорғаймын. Папам бірдеңе істеп қоя ма деп қорқамын. Сол үшін папамның көңілі қалған менен. Мамам сонда да қоймайды.


Болашақ жоқ сияқты. 1 күніммен өмір сүрем, бүгін үйде ұрыс болмасыншы деп Алладан тілеймім.


Бірақ болар емес. Қазір де ұрысып, жылап отырмын. Анамның жылуын сезініп, сыйлап жүргім келеді, ешқашан орындалмайтын сияқты бұл арманым.




Аноним


 




Көрілген: 7582    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.07.2019, 10:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31