Отбасы - ошақ қасы

Ананың ақылы...

  • https://psycenter.by/

    https://psycenter.by/

Күйеудегі қызы келіп анасынан ақыл сұрайды.

 

- Маматай, мен күйеуімді қатты жақсы көремін. Бірақ жақында мен бір адамды жолықтырдым. Ол менің ой-санамды жаулап алды. Мен жарыма тіпті ойша болсын опасыздық жасағым келмейді. Алайда сол бір бөтен жанға деген күнәлі сезімді жүрегімнен жұлып тастай алар емеспін. Не істеуім керек?

 

Қызының бұл сөздеріне анасы былай деп жауап қатады:

 

- Қызым-ау, біздің сезімдеріміз гүл іспетті. Олар біздің жанымызда өсіп-өнеді. Сенің жаныңда қазір екі гүл өсіп тұр. Оның бірі - сүреңсіздеу, бірақ өте нәзік әрі бекзат гүл, сен оны күйеуіңе арнап жаныңа өзің ектің. Сен одан қуанышты жемістер аласың. Тек уақтылы суарып тұруды ұмытпа. Келесі гүл - өте әдемі, бірақ улы, құштарлық гүлі. Ол сенің жаныңда рұқсатсыз өнді. Арамшөп құсап бірінші гүлдің барлық құнарын өз бойына сіңіріп қойып жатыр.

 

Сонысына қарамастан ол өміршең емес. Қалай суарсаң да жеміс беруге қауқарсыз. Қызым, сенің қолыңнан екінші гүлді жаныңнан жұлып тастау келмес. Ол бар. Бірақ сен таңдау жасай аласың. Сол екі гүлдің қайсысына су құйып, қайсысына құймауды өзің ғана біл. Егер тек бірінші гүлге су құйып тұрсаң, екіншісі аз күнде солып, сенің жаныңды жегідей жеуді тоқтатады.

 

 

 

Шынар Әбілдә

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 7698    Пікірлер: 1

бейсенбі, 29.04.2021, 11:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Шілде, 23:38
    Көгілдір көзді қыз
    18 Шілде, 00:13
    Енем мезі етті
    3 Шілде, 11:52
    Екеуін де сүйемін
    10 Маусым, 09:11
    Байлыққа қызығып,...
    31 Мамыр, 12:57
    Ана сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31