Отбасы - ошақ қасы

Әпкемнің сүйіктісі соңымнан қалар емес

  • Әпкемнің сүйіктісі соңымнан қалар емес

    Әпкемнің сүйіктісі соңымнан қалар емес

Бұрын соңды осыған ұқсас оқиғаларды естісем, сенбей, “Әй, қай қайдағыны айтпаңдаршы” деп қолымды бір сілтеп кете беретінмін. Ал енді өз басыма осындай күн туғанда қай тесікке кірерімді де білмей отырмын…

 

Бірнеше ай бұрын өзімнен екі жас үлкен әпкем Лаура университетте Шерхан есімді жігітпен танысқанын айтты. Әпкем өзі сұлу, ақылды. Жігіттер үнемі оны айналшықтап, қыр соңынан қалмайтын. Сол себепті Шерханды сол мың жігіттің бірі деп ойлап, әпкемнің сөзіне еш мән бермедім.

 

Алайда көп ұзамай Лаураның Шерханды шынайы ұнатып қалғанын сездім. Себебі ешқашан оның еркек атаулыға өзі бірінші хабарласып, іздегенін көрген емеспін. Әпкем уақыт өткен сайын құлпырып, бақыттан басы айналып, ең тәтті кездерді басынан өткеріп жүрді.

 

Танысқандарына төрт ай болғанда Лаура Шерханды үйге әкеліп, ата-анамызбен таныстыратынын айтты. Шынымды айтсам, бұл жаңалыққа аса қуанбадым. Себебі небәрі төрт ай танитын адамды үйге қалай алып келуге болатынын түсінбедім. Десе де, әке-шешеміз Лаураның көңілін қалдырмай, бір жағынан қызының жақсы адаммен көңіл жарастырғанына сенімді болу үшін жігітпен танысуға келісімін берді.

 

Осылайша, күндердің бір күнінде үйімізге Шерхан кіріп келді. Бір қарағанда жүзі жылы, сыпайы жігіт, өзі орайы келген жерде сөздің түбін де түсіреді екен. Бір сөзбен ата-анама да маған да болашақ жездем ұнады. Үйдегі таныстығымыз ашық-жарқын өтті.

 

Осы күннен бастап жездем менің көңілімді аулап, отбасымымызға етене жақын болуға тырысты. Лаураны серуендеуге алып кетерде мені де қоса көлігіне салып алатын. Алайда соңғы күндері әпкеме айтпай, маған жеке хабарламалар жіберетінін байқап жүрмін. Әуелде оған аса назар аудармай, мені жақсырақ танығысы келген болар деп ойладым. Десе де, әңгімемеміз тек екеуіміздің төңірегімізде өрбиді. Менен бір ауыз Лаура туралы сұраған емес. Менің не істеп не қойғанымды, қайда және кіммен барғанымды сұрай береді.

 

Соңғы кездері одан көп маған ешкімнің хабарласпай жүргенін байқадым. Күнім оның “Қайырлы таң” деген хабарламасымен басталып, “Қайырлы түн” деген хатымен аяқталатын болды. Өзім болашақ жездемнің бұл әрекетінен сескенемін, тіпті, Лаураның алдында ұялып кетемін. Шерханға бұлай жиі жазудың дұрыс емес екенін айтайын десем, ол мен туралы жаман ойлап қала ма деген қорқыныш бар. Мүмкін оның астарында арам ойы жоқ шығар. Шынымды айтсам, басым қатты. Лаураның орнында өзім болсам, сіңлім мен сүйіктімнің бұлай шүйіркелесіп сөйлескенін қаламаған болар едім. Бұндай жағдайда не істеуге болады?

 

syrlasu.kz




Көрілген: 3034    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.07.2020, 21:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30