Отбасы - ошақ қасы

Арымды болашақ жарыма сақтадым

  • Арымды болашақ жарыма сақтадым

    Арымды болашақ жарыма сақтадым

Жасым 24-те ,1 баланың анасымын. Менде Аллаға шүкір айтарлықтай мәселе жоқ. Бірақ әлеуметтік желідегі небір хаттарын оқыған сайын миыма ауырлық түседі. Қыздар сонша аңқау бола ма екен немесе бəрі де соны қалап тұра ма?

Мен өзім басымнан өткенге мысал келтірейін. Мектеп кезден бір жігітпен жүрдім. Сонымен жүргенде колледж де бітірдім.Сонда 5-6 жыл жүрдім. Барлық тумаластарымен таныстым. Бұл менің өкінетін мəселем. Себебі жүрмей қалғаннан кейін көшеден көрсең не деріңді білмейсің. Қыздардың көбі айтқандай біз де өліп-өшіп сүйдік.

Бірақ қатты айтсам кешірерсіздер, арыма ие болдық. Бірақ бір себептерге байланысты айырылыстық. Басқа жігітпен жүрдім, ұмыту үшін, қиын болды, сөзбен айтып жеткізе алмастай. Бірақ адам 3 күннен кейін көрге де үйренеді дейді. Өмір жалғасады. Сөйтіп жүріп қайта сүйдім, тұрмысқа шықтым. Біреуден кем болдым ба? Жоқ. Осы хаттардың ішіндегі көп қыздан артықпын. Неге? Арымды күйеуіме сақтадым. Білем, қыздың бəрі тезірек сүйгеніне қосылып, келін болғысы келеді .Бірақ ол сіз туылғанда пешенеңізге жазылып қойған. Қашан бұйыртады, сонда болады.

Арыңыз алақаныңызда тұрған жоқ, жел болса ұшатын, жаңбыр жауса ағатын. Күйеуіңізге арнап мықты жерге қойса да ие бола алмайсыңдар. Жігітпен жатарда ата-анаңызды көзіңізге елестетіңіз, намысыңыз оянар. Ауызыңыз аңқиып жыларман болып қалғанда Алланы есіңізге аласыз. Естеріңді жиыңдар, өмірлік серігіңе арналған сыйыңды сол күн жеткенше сақтаңдар! Зина минуттық, күйеуің өмірлік!

Аноним 




Көрілген: 2300    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2020, 19:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30