Отбасы - ошақ қасы

Астаналық шендіге тоқал болған бойжеткен сырын ақтарды

  • https://luchecon.livejournal.com/

    https://luchecon.livejournal.com/

Астанада мемлекеттік қызметкердің тоқалы болуға келіскен бойжеткен өз құпиясымен бөлісті. Алматылық ару өзінен жасы үлкен ер адамның екінші әйелі болудың қандай артықшылығы барын айтып берді.

 

Астанаға жұмыс іздеп келген Аяулым Мұратова (есімі өзгертілген – ред.) қаладағы сауда орындарының біріне сатушы болып орналасады. Осылайша ол күнделікті жүріс-тұрысына, пәтер жалақысына әрең жететін айлық тауып жүреді.

 

«Астанада менімен кездескісі келген жігіттер көп болды. Маған сыйлық беріп, көңілімді аулағандар да жеткілікті еді. Ол кезде жап-жаспын. Мектепті енді бітіргенмін. Маған қызық болды. Көп жігітпен қатар сөйлесе бастадым. Бір күні жұмысқа киім сатып алуға келген жасы қырықтар шамасындағы бір ер адаммен таныстым. Телефонымды сұрады. Сөйтіп бір-бірімізбен жақын араласып кеттік», - дейді бойжеткен.

 

Ақшадан қысылып жүрген ол әлгі еркектің қаржылай көмегінен бас тартпаған.

 

«Ол маған ақша жағынан көмектесе бастады, бөлек пәтер жалдап берді. Өзі келіп кетіп жүрді. Былайша айтқанда ол кісі менің демеушім болды. Астанада ешбір танысым болмады. Сонымен ғана жақын болдым», - дейді Аяулым.

 

Бұл қатынас екі-ақ жылға созылған. Аяулым Мұратова жас жігіттермен де сөйлесіп көріпті. Алайда ол өзінен жасы үлкен ер адамдарды ұнататынын түсінген.

 

"Жас жігітпен жүріп, оның кемшіліктері көп екенін білдім. Өзімнен үлкен еркектер ұнайтынын түсіндім", - дейді ол.

 

Аяулым Астанада бір қызбен танысып, онымен бірге пәтер жалдап тұрады.

 

«Ол әдемі қыз болатын. Ол да демеушілердің арқасында шалқып өмір сүреді екен. Екеуміз бірге тұрып, жігіттермен сөйлесіп, қыдыра бастадық. Сөйтіп ол мені бір мемлекеттік қызметкермен таныстырды. Оның жасы қырықтан асқан еді сол кезде. Әйелі, бала-шағасы бар», - деп еске алады Аяулым.

 

Есілдің сол жағалауынан пәтер жалдаудың қымбат екеніне қарамастан, ол Аяулым мен оның құрбысын адам басы 80 мың теңге төлеп тұратын пәтерге орналастырады. Одан бөлек, Аяулымға ай сайын киіміне, тамағына ақша беріп тұрды.

 

«Астанаға көшіп келгелі жарты жыл ғана жұмыс істеп өзімді өзім асырадым. Содан соң мүлде жұмыс істемеппін. "Демеушілердің" есебінен өмір сүрдім. Нені қаласам, соны істеп жүрдім», - дейді Аяулым.

 

Мемлекеттік қызметкермен болған қатынас та көпке сөзылмаған. Оның айтуынша, Астанада көңілдес іздеп жүргендер өте көп. Тіпті өзімен бірге шетелге алып жүретін еркектер де кездесетін көрінеді.

 

Аяулым кәсіпкермен бірге Мәскеуге «іссапарға» қалай барып келгенін айтып берді. Ол онымен Ресей астанасында үш ай бірге болған.

 

«Мен кәсіпкер жігітпен Астанада екі ай «жүрдім». Содан кейін ол Мәскеуге іссапарға кетіп қалды. Ал мені ол кісінің көмекшілері киіндіріп, қолыма ақша, жолыма билет алып беріп сол жаққа аттандырды. Мәскеуде кәсіпкермен бірге үш ай тұрдым. Күндіз ол кісі жұмыстарымен шығып кететін. Маған қыдыруға ақша тастайтын. Мен өзім қаланы аралап жүретінмін. Ал Астанаға қайтып келген соң, маған 700 мың теңге ұстатты», - дейді ол.

 

Аяулым Мұратова - қазір бір баланың анасы. Астанада жүріп танысқан жас жігітпен отбасын құрған ол мінезі жараспай, онымен ажырасып тынды. Ол тұрмысқа отыз жастан асқан соң шығу керек деп есептейді. Келіншек әлі де өз бақытын табудан үмітті екенін жасырмады.

 

kaz.nur.kz

 




Көрілген: 6892    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.07.2020, 13:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31