"Астың тар екен, былай уқаласа қояды": Түркістанда емші жын кірген қызды жынысы арқылы емдемек болған

27 желтоқсан 2022, 15:01

Жыныс мүшесінен кірген жынды жыныс мүшесінен шығарамын деген түркістандық емші халықты шошытты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Сaravan.kz тілшісі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап жазды.

Қызының ауруына ем іздеген ана Жанар Досболқызы емшіден зәбір көргенін айтты.

 

- Қызым құлап қалып есінен танады, Талмасы ұстайды. Аузынан ақ көбік ағады. Тырысып қалады. Ер адамның өзінің күші жетпей кетеді. Күш пайда болып кетеді. Тырысуы бір сағатқа созылады. Бұрын сезбейтін. Қазір алдын-ала тырысып қалатынын сезеді. Бұдан алдын невропатологқа апарғанмын. Бәрі жақсы деген. Бірақ, бұл ауру жалғаса берген соң, емшіге апаруды жөн көрдім. Бәрі мақтап, жақсы емші деген соң осы Данияр Смайлов деген емшіге апардым. Бірақ, ол қызымды бөлмеге оңаша алып кіріп, жыныс мүшесін уқалағанын айтты.

 

- Жын ауызбен кіреді, жыныс мүшесі арқылы кіреді. Мен бәрін жасап жатырмын. Негізі жыныс мүшесі арқылы шығарса жақсы болады деді. Мен басым айналып қалды ма сендім енді. Миым істемей қалды. Ол бір сіздің қызыңыз емес, мен талай әйелдерді солай жасағам деді. Сол арқылы шығады, тап-таза болып шығады. Көресіз көзінен от  жарық ете қалады, мен оны жұлып аламын деді.

 

Ауырып ем іздеп барып, қорлық көрген қыз Досболқызы алданып қалғанын айтып, жыларман болды. Сұмдық оқиғаның басынан өткізген қыз қалай болғанын өзі айтып берді:

 

- Неге тұрсың, болсай шешінсей. Бұрын қанша рет болдың? Астың тар екен, былай уқаласа қояды деп мені алдап, уқалады, қорламақ болды.

 

Ал әлгіндей арсыз іске барды деген емші Данияр Саймасаев:

- Мен ондай ештеңе жасамадым. Бұл маған жабылып отырған жала, зина деген нәрсеге жолаған емеспін, өзі ауырып жатқан адамға қалай олай істеймін, деп ештеңені мойындамай отыр.

 

Имам Нұрлан Байжігітұлы "Бұл адамның әурет жеріне қол жүгірті, тиісу шариғатта айтылмаған. Адамды бұлай емдеуге асыл дініміз рұқсат етпейді. Қандай да бір ем жасайтын жағдайда қасына өз әйелін немесе қыздың анасын алу керектігін айтты.