Отбасы - ошақ қасы

Атам жүкті болып келгенімді бетіме басады

  • Атам жүкті болып келгенімді бетіме басады

    Атам жүкті болып келгенімді бетіме басады

 Сәлематсіздер ме, құрметті оқырман! Менің жасым 20-да. Бір жыл бұрын аяғым ауыр болып тұрмысқа шыққанмын. Казір бір баламыз бар. Күйеуімнің әке-шешесі мені тек көтеріп калғаным үшін келін етіп алған. Күйеуімнің басында кредит бар екен. Не үшін алғанын айтпайды. Жағдайымыз киын. Өзім жұмыста жоқпын. Жұмыска шығайын десем, балам əлі 1-ге толмады.

Үйде сол кредиттің кесірінен кунде айқай-шу. Атам күйеуіме жынданып, неше түрлі сөздер айтады. Енді маған баланы ал да өзіңнің үйіңе бар деп отыр. Күйеуің адам болмайды дейді. Əрине, ата-енеме де қиын, оларды жамандамаймын. Кішкентайынан баққан балалары өскенде бір пайдаларын тигізбесе, бəріміз сөйтіп жынданамыз. Атамды аяймын. Өзім жұмысқа шығып көмектесейін десем, баламды қалдыра алмаймын, енем бақпайды.

Басым қатып кетті. Куйеуім екеуміз ұрсысып қалсақ, атам жүкті болып үйленгенімізді бетімізге басады. Неге келін болдың маған деп сөйлейді. Маған бұл қатты тиеді. Баламды аяймын, болашағы не болады? Əкесі жүріс жүреді, басы кредитте. Бар тапқанын кредит төлейді. Қазір баламның ақшасына күн көріп отырмыз. Ол да б 1 айдан соң бітеді.

Не істеймін енді, ақыл беріңіздерші. Күйеуімді жөнге салу үшін кетіп калайын ба? Атам кетіп қал дейді. Сендерді жем қылады бір күні деп баласына ренжиді.

Бір жағынан ата-енем де маған іштей карсы. Артық əңгіме керек емес, ақылдарыңызды айтыңыздаршы! 


 



Көрілген: 3535    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.04.2019, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Мамыр, 12:42
    Неке неге бұзылады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31