Отбасы - ошақ қасы

Атырау облысында 13 жасар қыз келін атанған

  • https://primpress.ru/

    https://primpress.ru/

25 тамызда әлеуметтік желіде Атырау облысында 13 жасар қыз тұрмысқа шықты деген пост пайда болды. Кәмелетке толмаған қыз 2002 жылғы миялылық жігіттің отбасына келін болып түскен деп хабарлайды azh.kz.

 

Бұл жаңалықты әркім әртүрлі қабылдады. Бір қызығы, «жастарға» бақыт тілегендер де баршылық екен. Бірақ олар әлі бала ғой.

 

«Тексеру барысында Атырау қаласының Привокзальный ықшамауданында тұратын кәмелетке толмаған қыздың былтыр желтоқсаннан бері Миялы ауылының жігітімен кездесіп жүргені анықталды. Көп кешікпей олар үйленеміз деп шешіп, үш баланы бір өзі өсіріп отырған анасы, неліктен екені белгісіз, ортаншы қызының Миялы ауылына келін болып түсуіне рұқсат берген. Күйеуінің әке-шешесі, тіпті, «келін түсіру» салтын да жасаған. Бұл жаңалық ауыл тұрғындарына тез таралып, полицияға белгілі болды», - деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


– Қызылқоға аудандық ювеналдық полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын бастап, қыздың анасын шақырды. Анасының қатысуымен аудандық аурухананың гинекологы қызды тексеріп, оның жыныстық қатынаста болмағанын және басқа да дене жарақатының жоқтығын анықтады. Дегенмен де, кәмелетке толмаған қызбен, оның «күйеуімен» және ата-аналарымен ҚР ҚК-нің 122-бабына сәйкес, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас үшін қылмыстық жаза қарастырылғаны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Біздің мәліметіміз бойынша, қыз Миялыда бір аптадай болған. Екі жақтың ата-анасы балаларының бір-біріне шынайы ғашық екенін, ал олардың қарым-қатынасы рухани махаббат екенін растап отыр.

 

Полицейлердің тексеру жұмыстарынан кейін қыз үйіне анасына қайтарылды, ол бірнеше күннен кейін мектептегі сабағын жалғастырады. Биыл «қалыңдық» 8-сыныпқа көшкен.


 

 




Көрілген: 1590    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.08.2020, 15:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31