Әулетіміздегі әйелдердің бәрі бақытсыз

Әулетіміздегі әйелдердің бәрі бақытсыз

 Мен бір мәселемді айтқым келіп тұр. Біздің әулетте 1985 жылы бір әпкеміз өмірден өткен. Өте жас, 25-ке қараған шағында, науқастанып қайтыпты. Мен ол кезде баламын. Шыны керек, түк есімде жоқ. Ол әпкемді тек сурет арқылы ғана білемін. Өмірдің қиындықтары болар, қаражат тапшылығы дейміз, қайғыдан қан жұтқан тұс.. бәрі әулетімізде тарам-тарам болып, жөндеріне кетіскен. Әлгі әпкеме не құлыптас қойылмады, не басы қарайтылмады.

Әулетте әлі береке жоқ. Соның ішінде тұқымымыздағы қыз заты, жалпы әйел затының бәрі бақытсыз. Біреуі үйсіз-күйсіз қаңғып жүр, біреуі ішкіш, біреуі жеңіл жүрісті, біреуі сәбиге зәру, біреуі алқаш баймен алысуда, біреуінің жолы жабық ылғи.. осы тығырық әпкелерімде ғана емес, олардың қыздарына да ауып барады. Бір ұйып отырған отбасы жоқ. Біреуінің басында дені дұрыс шаңырақ жоқ. Аллаһқа шүкір, түк жоқ деуім күнә болар.. бірақ қайсысына қарасақ та құты қашып, берекесі ұшқан жандар. Әпкелерімізбен ауызбіршілік те жоқ. Үлкенін үлкен демейді, кішісін кіші демейді. Не болғанын түсіне алмадым, бәрі бірін-бірі жек көріп кеткен, ұрыс-керіс, көреалмаушылық тек арамызда. Ортаға біреу дуа салды ма, қарғыс алдық па.. жанымды жегідей жейді осы.

Өзім де келісіп тұрғаным шамалы. Қайда барсам да жолып болмайды. Жұмысқа кірсем тұрақтай алмаймын, әйтеуір бір мәселе табылып, шығарып жібереді. Ылғи жақсы болам деп алға ұмтылумен келемін, сонда да.. онымнан түк шықпайды. Жоғары білім алдым үйтіп-бүйтіп жүріп. Ол да пайдаға аса алмай тұр. Тұрмысқа шығып едім, екі айдан соң жолдасымның жұмысында келеңсіз жәйт орын алып, зауыттың мәшинесі қолы мен басын шайнап, өмірден озып кетті. Одан аяғым ауыр болып қалған едім, сәбиім сол күйі шетінеп кетті. Бастан сипар не ата, не ене де болмады. Бақытыма ылғи балта шабылады. Жұмыс істеп, ақша жиып үй алып едім, оның құжаттары келіспей, дұрыс рәсімделмей сот арқылы қуылдым. Қәзір пәтер жалдап тұрамын. Жасым біразға келсе де не отбасым жоқ, не шатырым жоқ басымда, не бала сүймедім, туыстарым анау. Бір жиылып ақыл айтсам, ешкім құлағына да ілмейді. Шыны керек, әбден түңіліп кеттім. Әлгі өмірден озған әпкем түсіме жиі-жиі кіреді. "Менің үйім жоқ!" дей береді ылғи. Түсіме кірген сайын бір затымды сұрап алып бара жатады. Шошып оянамын. Әлде сол жайлы көп ойлағаннан ба.. білмеймін. Негізі "өлі риза болмай, тірі байымас" деп жатады ғой. Ендігі сол әпкемнің басын қарайтқым келеді. Ол да қаражатқа келіп тіреледі. Ағаларыма барып айтсам мұрындарын шүйіріп, көмектескісі жоқ. Бөліп алып жасайық десем оған да көнбейді. Бір дінге жақын досым айтады "бейітті жаңартуға, ұмыт болғанды көркейтуге болмайды" деп. Осы қаншалықты рас? Туыстарымнан пайда жоқ, осы тұста жалғызбын. Міне, 31 жыл өтіпті қатқанына да, бір еске алынбады осы жылдарда. Кірпішін алып, адамын жалдап, құлыптасын қойып, басында құран оқытып жіберсем ғана бола ма? Әлде нан пісіріп, мал сойып, садақа жасап істеу керек пе оның бәрін? Білетін үлкендеу әпке-жеңгелер болса.. кеңес беріңіздерші, өтінемін. Ойым шашыраңқы тым. Қате болса айып етпессіздер! Рахмет алдын-ала!

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста