Отбасы - ошақ қасы

Әйел жақсы бітірсе - ұл табады деген әңгіме рас па?

  • Әйел жақсы бітірсе - ұл табады деген әңгіме рас па?

    Әйел жақсы бітірсе - ұл табады деген әңгіме рас па?

Саламатсыздар ма? Жасым 28-де. Үш қызым бар. Сұрайын дегенім «әйел төсекте жақсы бітірсе ұл табады» деген сөз рас па? Шынын айту керек, өзім төсекке суықпын. Маған төсек маңызды емес. Қашан болсын «қалай бітірсе емес, тезірек бітірсе» деп ойлап тұрамын. Жасыратыны жоқ, ол барын салып жатады. Мен сонда да беріле алмаймын. Тіпті оргазмның не екенін білмеймін десем де болады. Құрбыларым осы тақырыпта түрлі «қызықтарын» айтып жатқанымен маған бәрі жай сөз секілді. Бірақ ұлды болғым келеді. Жақында құрбыларымнан осындай бір әңгіме естідім. Мүмкін болса толық жауап берсеңіздер екен. Әйелдің оргазм алуы, болашақ баланың жынысына әсер ете ме? Әлде мұның барлығы жай әңгіме ме?
Аяла, Тараз қаласы
Гүлзейнеп Мырзанова, гинеколог:

Әйелдер мен еркектердің табиғатындағы айырмашылықтар туралы айтпаған ауыз, жазбаған қол қалмады. Ал сол айырмашылық дүние есігін ашқаннан да емес, одан ерте, әкенің белінде жатқан шақтан тамыр алады екен. Жиырма үш жұп хромосома туралы бәріміз білеміз. Соңғы жиырма үшінші жұп не ХХ (қыз), не ХҮ (ұл) болатыны да бәрімізге белгілі. Ол әр түрлі жұп хромосомалар тек еркектің ұрығында ғана болады. Әйелдің ұрығындағы хромосомалар ХХ және өзгермейді, яғни әйел қашанда қыз тууға дайын. Ал ұл табу үшін біраз тер төгу керек.

Мәселе мынада. Құрамында ХХ хромосомалары бар сперматозоидтар баяу қозғалады, бірақ төзімді, қышқылдық ортаның агрессиясына төтеп бере алады. Ал ХҮ хромосомалары бар сперматозоидтар, яғни, мархаббатты еркектер, шапшаң қозғалады, алайда, тек сілтілік ортада ғана тіршілік ете алады. Ал әйел қынабының қалыпты күйдегі ортасы — қышқылдық, ер балалар ол ортаға түсер-түспестен жантәсілім етіп жатады. Ал баяу қимылдайтын қыздар асықпай, саспай, жігіттердің өлі денелерін аттап-пұттап барып, өздеріне керекті межеге жетіп жатады. Осылай. Бірақ, қышқылдық ортаны сілтілік ортаға айналдырудың жолы бар. Ол — әйелді тояттату, яғни оргазмға бөлеу. Сол кезде орта өзгеріп, ұл балалар шапшаң қозғалып, діттеген жеріне жетіп үлгереді. Қарапайым тілмен айтқанда осылай. Сізге түсіндіре алдым деп ойлаймын. Сіздің құрбыларыңыздың «әйел жақсы бітірсе ұл табады» деген сөзінің астары осында болса керек. Дегенмен атап айта кетер жайт, болашақ баланың жынысының қалай болмағы ең алдымен ер адамның денсаулығына байланысты. «Бұйыртқаны болады» деген де сөз бар. Сондықтан сабырмен болашақтан күту керек. Осы орайда айта кетер жайт төсек ләззаты ер адам мен әйел адамға ортақ. Олардың өмірінде төсек маңызды рөлге ие. Осы ретте бұл нәрседен сырт қалмау өзіңізге де, күйеуіңізге де, екеуіңіздің арақатынасыңызға да пайдалы екенін ескерткіміз келеді.
 




Көрілген: 7485    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.01.2020, 12:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Ақпан, 16:10
    Екі әйел алмаңдар!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29