Отбасы - ошақ қасы

​Әйел ОМЫРАУЫМЕН «ОЙНАУДЫҢ» да өз ҚҰПИЯСЫ бар

  • ​Әйел ОМЫРАУЫМЕН «ОЙНАУДЫҢ» да өз ҚҰПИЯСЫ бар

    ​Әйел ОМЫРАУЫМЕН «ОЙНАУДЫҢ» да өз ҚҰПИЯСЫ бар

Мұны білмеген әйелдің көңілінен шыға алмауы мүмкін... Ал білетін еркектерге еске түсірген артық болмайды.


Омырау – әйелдің ең жанды «нүктесінің» бірі. Негізгі қызметі көпке белгілі, әрине. Дегенмен, еркектердің көзіне алдымен түсетін осынау омырауды да төсек қатынасы кезінде «қолданудың» өз тәртібі бар екенін еске бір сала кеткен артық болмас.


Әркімде бұл «керемет» әртүрлі. Дене мүсініне қарай, біреуде үлкен, енді бірінде кішкентай. Идеал саналатын түрлері болса, олардың бәрінің қызметі мен құрылысы бірдей. Сол сияқты, еркектердің омырауға деген талғамы да түрліше. Біріне 3-4 өлшемділері ұнаса, енді бірі кішігірім, алақан ішінде қалатындай шағынын құп көреді. Бірақ қайсыбірі болмасын, төмендегідей кеңесті қашанда есте ұстағаны дұрыс.


ОМЫРАУМЕН «ОЙНАҒАНДА» есте сақтайтын 3 ЗАҢ


1. Сыртымен ғана «ойнау» керек


Әйел омырауының ішінде сүт безі орналасқан.Әрбірі бөлек 15-20 конустәрізді бөлшектен тұрады, арасында майлы қабат орналасады. (Тап осы майлы қабат әйелдің омылау өлшемін анықтап береді). Сүт безінің әрбір бөлшегі тығыз болғандықтан, қатты сығымдау ауыртуы мүмкін. Сол сияқты, әйел омырауында жүйке талшықтарының мыңдаған ұшы орналасқан және ол беткі қабатта. Атап айтқанда, омырау ұшында, үрпі айналасында және теріде. Сондықтан, омырауға қол жүгірткенде абай болған дұрыс. Қатты қысқаннан емес, нәзік сипағаннан ләззат алады әйелдер.


2. Екі есе абай болатын уақыты бар!


Әйел омырауы кейде ерекше сезімтал болып кетеді. Әсіресе, менструация күндері жақындағанда және жүктілік кездері. Тіпті ісініп, қол тигізбейтіндей сезімтал болуы да мүмкін. Әлбетте, бұл енді жыныстық қатынас болмайды деген сөз емес. Ол туралы әйелден сұрауға болады. Бірақ омырауына абай болуыңыз қажет. Әйтпесе, төсек ләззатына бөленемін деген ойыңыз орта жолдан үзіліп, жатын жайдан да шығып кетуіңіз ғажап емес.


3. Білмесеңіз, сұраңыз!


Әйел өзі не қалайтынын жақсы біледі. Әрине, «омырауыңдысүйейін бе, сипайын ба?» деп сұрағаннан гөрі, оған ненің ұнайтынын әрекетін бақылап-ақ байқауға болады. Әлбетті, қырағы еркек болсаңыз. Ал не істесеңіз де «жақтырмағандай» боп жатса, тұспалдап сұраған артықтық етпейді. Тек қана омырауға байланысты сұрақтарыңызды қоятын уақытты ұтымды таңдай алсаңыз болғаны. Әрине, жұмыстан келе салып немесе ол ыдыс жуып тұрғанда сұрау қателік екені белгілі. Оның да төсек қатынасына деген қалауы оянған сәтте біліп алуға болады.


Омыраумен «ОЙНАҒАНДА» жіберетін 5 қателік


1. ҚАТТЫ қысуға болмайды


Фильмде көргеніңіздің бәрі шынайы емес екенін ұмытпаңыз. Тіпті, әйелдер де солай ойлап қалуы ғажап емес. Жоғарыдағы заңның бірінші бөлімінде айтылғандай, қатты қысу – омырауға зиянын тигізеді және одан ешкім де ләззат ала алмайды. Иә, кейде әйел заты да жыныстық қатынас кезінде дөрекілеу қатынасты қалайтыны бар. Дегенмен, омырауға келгенде қажет емес. Тек нәзік қана сипалап, аймалап, жаймен тістелеп-ақ әйелдің қалауын қанағаттандыруға болады.


2. Уқалай берген де дұрыс емес


Қаншалықты «тәбеташар» әдемі омырау болса да, оны тоқтаусыз уқалай бергеннен еркек те, әйел де ләззат алмайды. Еркек өзінің әрекетінен есінен танған әйелге қарап қана «тояттайды». Ал тоқтаусыз «мыжғылай» бергеннен аз уақыт өтпей-ақ құшағыңыздағы сұлуды өзіңізден жерітіп алуыңыз әбден мүмкін. Омыраудың сезімталдығы ішінде емес, сыртында екенін тағы да қайталап айтамыз.


3. Шешіндіруге де асықпаған жөн


Әйел омырауының сезімталдығы сондай, тіпті киім сыртынан да кез келген әрекетті сезеді. Тіпті, тым сезімталдары аз уақыт ішінде-ақ «оталып» шыға келуі ғажап емес. Сондықтан, бірден жалаңаш омырауға қол тигізем деп төстартқышты шешіп тастауға асықпаған жөн. Киім сыртынан-ақ әйелдің дайын болғанын, бойында қатынасқа деген қалауы оянғанын омырауы білдіріп қояды. Ұштары әдеттегіден тыс, дүрдиіп ісініп шыға келеді.


4. Бірден бассалуға болмайды


Жыныстық қатынасты бірден бастап жіберуге болмайтынындай, омырауға да аш баладай бірден бассалуға болмайды. Әсіресе, жаңадан үйленіп, отау құрғандар болса, абайлау қажет. Әйел омырауын да алдын ала «үйреті» қажет. Алдымен киім сыртынан жәй ғана қол тигізу арқылы, содан соң барып мойыннан омырауға дейінгі аралықты жаймен сипау немесе сүйіп өту. Әсіресе, бұғана сүйектің тұсындағы шұңқыршаны сүю көптеген әйелдердің ең сезімтал тұсы саналады. Сонымен қатар, омырау үрпісіне де бірден «ауыз салуға» болмайды Әбден қозғанда барып әйел өзі-ақ белгі береді. Сол кезде үлгересіз...


5. Екіншісін ұмытып кетпеңіз...


Бір омырауды аймалап жатып, екіншісін ұмытып кетуге әсте болмайды. Әйелде бәрі де тең болуы керек. Әйтпесе, қанағаттанбай сезімі қалып қояды. Біріншісін сүйіп жатқанда, екінші омырауды нәзік сипалаумен-ақ теңестіріп, әйелді есінен айыруға болады. 


 Әртүрлі дереккөздерден жинап, дайындаған:


Ж.Байтұрым,


ERNUR.KZ




Көрілген: 6164    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2019, 20:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31