Отбасы - ошақ қасы

Әйел сүйіктісінің жымысқы әрекетін айнаның көмегімен біліп қойды

  • Әйел сүйіктісінің жымысқы әрекетін айнаның көмегімен біліп қойды

    Әйел сүйіктісінің жымысқы әрекетін айнаның көмегімен біліп қойды

Тиффани есімді әйел сүйіктісінің жымысқы әрекетін қулықпен біліп қойды. Ол айна арқылы ер адамның өтірігін ашып берді. Желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

Тиффани есімді желі қолданушысы желіде ерекше қулық әдісін айтты. Ол өз сүйіктісінің жымысқы әрекетін біліп қойған. Әйел мұндайда айнаның таптырмас құрал екенін айтты. 

 
“Сүйіктім екеуміз бір бірімізге қарама-қарсы диванда жаттық. Менің аяғым оның басының жанында жатты. Аяғыммен айна қысып алдым да, оның телефоннан не қарап жатқанын тексердім. Ол жалаңаш қыздардың суретін қарап жатты. Мен одан “не көріп жатырсың?” деп сұрап едім. Экзотикалық көліктерді қарап жатқанын айтты. Ол өмір бойы сондай көлік алғысы келіп жүргенін айтты. Мен оның әрекетін соңына дейін бақыладым. Кейіннен оның өтірік айтқанын бетіне бастым. Сіздерде осындай жағдай болды ма?”, – деп сұрады ол. 

Көптеген жазылушылар әйелді байсалдылығы үшін мақтады. Солардың бірі былай деп жазыпты: "Құдай-ау, қалай сабырлы болдың! Сен үшін қатты уайымдадым, қаным қайнап кетті! Нәпсі – сатқындықпен бірдей".

Тағы бірі былай деп атап өтті: "Бұл опасыздық емес деп айтатындар үшін мен баса айтқым келеді: кейбіреулер үшін бұл сатқындық. Әртүрлі адамдар әртүрлі әрекеттерді сатқындық деп санайды ". "Бұл алдау емес, бірақ адамды сыйламау", - дейді тағы бір қолданушы.

Басқа қолданушылар ер адамның әрекетінен еш ерсілік көрмеген.

"Жігіттер әйелдердің суреттерін көргенде, қыздар неге жынды болып кететінін түсінбеймін. Өзіңізге деген сенімділік соншалықты жетіспейді ме?" "Күйеуімнің мұндай контентті көріп отырғанына мән бермейтін мен ғанамын ба?" – деп сұрады қолданушылардың бірі.

stan.kz




Көрілген: 5554    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 09:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қараша, 15:28
    Енем жігіт тауып алды
    16 Қараша, 09:31
    Әйелімді қимаймын...
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30