Отбасы - ошақ қасы

Әйел үйде босануға мәжбүрлеген күйеуі туралы айтып жылады

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Гүлдәрия Теміржанова Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданының Сызған ауылында туып-өскен. Алматы қаласына 2005 жылы анасының соңынан көшіп келген. Бүгінде жасы отыздан асып, бір қыз тәрбиелеп отырса да, әлі күнге дейін жеке куәлік жасатып көрмегенін айтады.


"Анамның айтуы бойынша, әкеміз қайтыс болғаннан кейін біздің құжатымызды дұрыстауға мүмкіндігі болмаған. Бірақ кейін ол кісі құжаттарымды жасатып, мені Түркістан қаласы Ынтымақ ауылындағы туыстарына жібереді. Қолымда туу туралы куәлік пен мектептен алған қағаздарым болды. Бірақ автобуста осының бәрін ұрлатып алдым. Өмірімде қиындық көп болды", — деп көзіне жас алды Гүлдәрия Теміржанова Қазақстан арнасының "Қарекет" бағдарламасында.


Әрі қарай әйел 2013 жылы Түркістан маңындағы Нұртас ауылының азаматына тұрмысқа шыққанын айтты. Арада бір қыз дүниеге келгеніне қарамастан, заңды некеге тұрмаған. Кейін күйеуінің шектен тыс қызғаншақтығына бола бөлек тұруына тура келген.


"Ол кісі нашарлау болды. Мені әке-шешеңе кетіп қаласың деп қатты қызғанып, үйден бір адым шығармады. Тіпті, босанар кезде перзентханаға жібермей, қызымды үйде тууға мәжбүр болдым. Ең ақыры қызыма сегіз ай толғанда маған қол көтеріп, енем "Сені өлтіріп тастамай тұрғанда төркініңе апарып тастайын" деп үйіме әкелді. Сол кеткеннен күйеуіммен ұзақ уақыт араласпадым", — дейді ол.


Бұдан кейін әйел 2017 жылы күйеуімен қайта татуласпақ болып, Ынтымақ ауылына қызымен бірге барады. Қайын жұртының үйінде азаматтық некедегі күйеуімен қайта жолығып, екеуі бірге тұруға шешім қабылдайды. Бірақ араға үш күн салып күйеуі тағы да ішімдік ішіп, қол көтерген. Осы жағдайдан кейін бұрынғы қателігін қайталамайын деп үйден кетіп қалған. Енді өзінің құжаттарын толықтай қалпына келтіру үшін жұрттан көмек сұрап отыр.


Sputnik


 




Көрілген: 1745    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.01.2019, 22:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 17:00
    Кешірші анашым...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31