Отбасы - ошақ қасы

Әйелім көңілдес тапты, оған да көндім...

  • Әйелім көңілдес тапты, оған да көндім...

    Әйелім көңілдес тапты, оған да көндім...

 «Бақытты отбасы болу, бала сүйіп, ұрпақ жалғастыру менің де арманым еді. Амал қанша, оған қол жеткізе алмадым». Моншаға бірге түсіп жатқан бейтаныс еркек әңгімесін осылай бастады.

«Міне, үйленгеніме он жыл болды. Бірақ бір шыр еткен көре алмадық. Кінә кімнен? Мен бе, әлде әйелім бе? Білмедім. Өзімше ойлаймын, менмін деп. Өйткені төсекте өте әлсізбін. Ұлы мүшем жөнді істемейді. Әрине, оны жеген тамақтан, я болмаса суық тигізгеннен деп айта алмаймын. Кінә басқада ма деймін.

Бойдақ кезімде бизнеспен айналыстым. Жаман болған жоқ. Ақша су болыпағып келіп жатты. Не істеймін? Жастықтың желігімен армансыз қыдырдым. Түнгі клубтардың тұрақты клиенті болдым. Аптасына бірнеше рет саунаға барып жүрдім. Әрине, жалғыз емес. Айналам толы қыз-келіншек. Алматының жезөкшелері өз алдына. Сол жезөкшелермен жын-ойнақ жасап жүріп, бірнеше мәрте жыныс ауруымен ауырдым. Жастықтың желігімен жүріп дұрыс емделмеген сияқтымын. Соның кесірін енді көріп жатырмын. Бала жоқ. Төсекте қабілетсіз болып қалдым. Бұл не? Түсінбедім. Талай дәрігердің алдын көрдім. Ішпеген дәрім қалмады. Тәуіптерге де бардым. Солардың кейбірі: қыз-келіншектердің назасына, көз жасына қалғансың. Солардың қарғысы деседі.

Кім білсін? Ақшаның буымен жүріп, талай қызды төсекте ырықсыз көндірдім. Енді сол жүрістің кесірін тартып отырмын», — деп ол күрсініп қойды.

Әйелім көңілдес тапты. Оған да көндім

— «Енді қайтпек ойың бар. Бала асырап алу немесе жасанды жолмен ұрықтандыру тәсілін пайдаланып көрмедіңдер ме?» дестік.

«Қайдам? Қазір әйелім менен жеріп жүр. Өйткені менен еш қайыр болмайтынына көз жеткізген сияқты. Оны да түсінемін. Не бала жоқ, не төсекте қызық көрмесе, ләззат алмаса не өмір? Онсыз да он жылы өтті ғой. Соңғы кездері жұмыстан жай келетінді шығарды. Төсектеде жеке жататын болдық. «Ана подружкамның туған күні, мына подружкамның баласының бір нәрсесі болды», деген сылтау көбейді. Не істеймін оған? Мейлі, қыдырсын. Жүрсін. Жүрегім сезеді. Бір көңілдес тапқан сияқты. Мейлі, оған да көндім. Маған қарап қашанғы жас өмірін өксітеді? Ендігі менің жалғыз жұбанышым арақ болды. Осыны ішкен кезде ғана көңілім жайланады. Өзгеше күй кешемін. Басқа жұбаныш болатын не қалды? Мұны сендерге не үшін айтып отырмын, аз да болса сабақ болсын деп. Қыдырмаңдар, жүрмеңдер демеймін. Жассыңдар. Жүр, ойна, күл. Бірақ әр нәсенің шегі болсын. Белге сақ болыңдар. Қызбен жүру осы екен деп, көрінген тесікке сұққылай беруге болмайды. Айнала толы түрлі инфекциялық ауру. Қазіргі кезде жыныстық жолмен берілетін 20-25-ке жуықтай ауру бар екен. Бір жұқтырдың, одан құтылу қиын. Ғаламтордан оқыдым, Қазақстандағы ерлердің 30 пайызы белсіз дейді. Сол 30 пайыз белсіз еркектің бірі менмін. Не істеймін? Білмеймін».

Осыны айтқан бейтаныс еркек көзіне келіп қалған жасты бір сүртіп, орнынан тұрып кетті. Біз не дейік? Не ақыл айтайық?
 




Көрілген: 5277    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 08:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31