Отбасы - ошақ қасы

Әйелім қыз кезіндегі ғашығын әлеуметтік желі арқылы тауып алыпты

  • Әйелім қыз кезіндегі ғашығын әлеуметтік желі арқылы тауып алыпты

    Әйелім қыз кезіндегі ғашығын әлеуметтік желі арқылы тауып алыпты

Үйлегеніме  көп болған жоқ.Келіншегімді қатты жақсы көремін.Сіздердің клубтарың « Сырласу» деп қыз-келіншектерге арналса да, менің де айтар ойым бар.Айып етпеңіздер.

      Жұмыстан келсем де, үйде болса да келіншегім бұрынғыдай емес.Мені көрсе қуанбайды.Бұрынғыдай  еркелемейді.Аяғы ауыр болғасын, сіркесі су көтермей жүрген болар деп, болашақ ұрпағымыз үшін, не қаласа бәрін алып беріп жегізуге тырыстым.Оның сүйсіне жегеніне қарап отырып, өзімде рахаттанып қалушы едім.

     Осы күндері  екі көзі телефонда менімен не болмаса үй шаруасымен ісі жоқ.Күні-түні ұзақ үңіледі.Мән бермедім.Қатты жақсы көретінім сонша, тым асыра еркелетіп жіберіппін.Өзім жоқта қайда болды деп те күмәнданбаппын.

       Шаршап үйге келгенде  не тамағым дайын тұрмайды.Не үй жиналмайды.Бар сылтауы аяғы ауырлығы, қазанға жақындай алмаймын,жүрегім айныйды дегеніне де түсіністікпен қарап жүрдім.

       Бір күні, телефонына ватцаптан званок келіп жатыр екен, мән бермедім.Қоймаған соң жәй көз салсам, «жаным қайдасың?» деген хат шыға келді.Ол далаға шығып кеткен.Бұл кім болды екен деген арам ой сумаң ете қалды.

      Сөйтсем, қыз кезіндегі ғашығын әлеуметтік желі арқылы тауып алыпты.Содан, екеуі кездесіп жүріпті.Мен ештеңеге мән бермеппін. Тіпті ішіндегі бала да менікі емес екен. Оның бәрін жазысқан хаттары арқылы біліп алдым.

        Өзімнің осы уақытқа дейін ит болып жүргеніме, қатты жақсы көріп, ештеңесіне мән бермегеніме өкіндім.Енді ажырасып кетейін десем, қимаймын.Олсыз өмір сүре алмайтын сияқтымын.Ол ше?Ол бәрін мойындады.Мойындамай қайда барады, барлық дерек менің қолымда тұрғанда.Енді,асты &ndashүстіме түсіп, ата &ndashанасына айтып қоймауымды өтініп жүр.Кешіре алар ма  екенмін?

       Көңілім жәйлап суып барады.Мүмкін бала дүниеге келмей, ажыраса салғанымыз дұрыс болар ма еді?Басым қатты, ақыл беріңдерші.Не істеймін?Кешірейін десем,келесі жолы, тағы көзіме шөп салмасына кім кепіл?...






Көрілген: 2524    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 23:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31