Отбасы - ошақ қасы

Әйелім тоқал алып берем дейді

  • Әйелім тоқал алып берем дейді

    Әйелім тоқал алып берем дейді

 Әйеліммен жастайымнан қосылдым. Осы уақытқа дейін арамызда, жәй ұрыс-керіс болса да,жанға тиер ренжісу болған емес. Балаларымыз әлі жас. Аяққа тұрып кеткен жоқ.Ал келіншегім ауру.Сауығуынан күдер үзген ол,маған үйлен дейтінді шығарды.


– Уақытым аз қалды. Балаларымды жетілдіре алмай барамын. Көзіммен көріп,аманаттайын,үйленші- дейді.


Қатты қиналып жүрмін. Не істерімді де білмеймін. Шарасыздықтан, тығырықтан шығар жол таппаймын.


– Әлі-ақ,сауығып кетесің. Ондай сөз айтпа, деп жұбатқан боламын. Бірақ ол да, мен де енді ештеңенің көмектеспейтінін білсек те,үмітпен әр таңды өткізіп келеміз.


Кішкентайымыз енді ғана беске қарады. Ертең басқа біреу келіп, бауырласа бауыр басып кете ме? «Тумағанның түбі шикі» дейтін қазақ, өз баласындай қарай ала ма? «Ер адам түздікі» демекші, бала-шаға қамымен жұмыста жүріп, оларға қарауға мұршам болмай қалғанда қағажу көрмей ме? Анасының орнын баса ала ма? Сұрақ көп. Ақыл қосыңдаршы .Келіншегімнің айтқанын жасап үйленейін бе? Әлде балаларым үшін бірдеңе болып кеткен жағдайда да бәрінен бас тартамын ба?

 


el24kz




Көрілген: 4369    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 11:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Желтоқсан 2019
    Тоқал алу сән болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31