Әйелім үш баланы тастап, бөтен еркекпен қашып кетті

Әйелім үш баланы тастап, бөтен еркекпен қашып кетті

Ерте үйлендім. Әйелім бірінен соң бірін үш бала тапты. Сондықтан ол үйде, бала тәрибесімен шұғылданады. Ал мен екі жерде жұмыс істеймін. Сенбіге дейін дәріханаларға дәрі тасимын, ал сенбі-жексенбі - бір мекеменің қарауылымын. Алдыңғысының айлығы – 80 мың теңге. Қарауылдікі – 25 мың теңге. Осы 105 мың теңгенің 55 мыңын ұстаймыз да, қалған 50 мың теңгені жинаймыз. Ондағы ойымыз - жер алып, баспаналы болу. Уақыт тез сырғып өтеді екен. Бес жыл уақыт өтті дегенде жер қарастыра бастадық. 5 мың долларға жер алсақ, 3-4 мың долларға шағын үй сап алуға болады деп жоспарладым.

 

Айтқандай, біз Алматының сыртында дачада тұрамыз. Ол - алыс туысқан әпкемдікі. Әйтеуір қараусыз жатқанша, сендер пана ете тұрыңдар деп берген. Сондықтан пәтер жалдап, қиналмадық.

 

Бір күні 5 мың долларға Байсеркеден ары қарайғы аумақтан жер телімін тапқанымды айтып, үйге қуанып келдім. Әйеліме жексенбі күні бәріміз сол араны барып көретінімізді, ақшаны төлеп, оны алатынымызды айттым. Сенбі жұмыстан оралсам, үй жып-жылмағай. Шошып кеттім. Дереу әйеліме хабарластым. Сөйтсем төркіне кетіп қалыпты. «Бір туысымыз қайтыс болды, шұғыл кеттім, сенің бәрібір жұмыстан қолың босамайды ғой» дейді. Ақшаны сұрадым. Жерді ала берейін деймін. Көптен күткен арманым орындалғанша дегбірім қашып барады. «Асығыс несі бар, мен келген соң аласың, ақшаны өзіммен бірге алып кеттім» деген телефон арғы жағынан жауап естідім. Қатты ашуландым. Әйелімді бір балағаттап алдым.

 

Не істейсің? Ашуланып-ашуланып басылдым. Бірақ әйелімнің төркінінен оралатын түрі көрінбеді. Хабарлассам, «ол болды, бұл болды» деп май шайқағандай түрлі сылтау айта береді. Бір ай өтті. Ақыры шыдамадым, әйелдің ауылына тарттым. Таңертең кетейік десек, ол «сенімен қайтпаймын» деген әңгіменің шетін шығарды. «Неге» десем, «Сен мені кешірмейсің» дейді. Санаулы секундтар ішінде миға сан түрлі арам ой келіп үлгерді. Соның бірі – менен басқа біреу тауып алды ма деген. Қатты жыным келді. «Не оттап тұрсың» деп бажылдап, дүрсе қоя берейін десең, әйел жақта отырсың. Содан қап-қара түнеріп, деміңді ішіңе тартып, сабырлы болуға тура келді. Әңгіменің тоқ етері - мен бес жыл сор маңдай адал терімен, демалыс көрмей еңбек етіп тапқан ақшадан көк тиын қалмапты. Міңгірлеп айтқанынан ұққаным – қаржы пирамидасына салған секілді. Ары қарай қазбалауға жүйкем шыдамады. Шіреніп тұрып есікті бір теуіп, кеудені кернеген бар ашуды балағатпен сыртқа шығарып ауыл шетіндегі такси тұратын жаққа қарай тарттым.

 

Бір аптадан соң әйелім хабарласты: «Не істейміз, ажырасамыз ба, сотқа арыз жазайын ба» дейді. Айғайлап-айғайлап қоя салдым. Бірақ ажырасу туралы шындап ойлағанда денем түршігіп кетті. Дүниесі құрысын, денім сау болса, әлі ақша табамын дедім. Сөйтіп әйелімді кештім. Бәріміз шұрқырасып қайтадан қауыштық. Бұл жолы сақтық жасадым. Енді ақшаны өзім жинайтын болдым. Үй артында, қора деп атауға да келмейді, бір дүңгіршек бар еді. Соның ішінен дәріқапты (аптечка) тығатын ыңғайлы жер таптым. Айлық алғанда үнемі сол араға кіріп кетемін. Үсті-үстіне әкеліп қосқан сайын, көңілім марқайып, ақшаны қайта-қайта санап шыққым келіп тұрады. Екі жыл өткен. Бір күні жұмыстан оралсам бала-шаға тағы жоқ. Әйеліме хабарласып едім, төркінге тағы да шұғыл кетіпті. Басында еш секемденгем жоқ. Жазғы уақыт, даладағы душқа түсіп келіп, теледидарды қоссам жаңалықтар болып жатыр екен. Батыс Қазақстанда қаржы пирамидасынан алданған бір топ адам шулап жүр. Сол кезде қатынның ызасы есіме түсіп кетпесі бар ма?.. Дүңгіршектегі ақша есіме түскенде, бірер минут ауа жетпей тұрып қалдым, содан соң ақша тұрған жерге қарай тұра жүгірдім. Атаңа нәлеттттт!!!

 

Дәріқап сыртта ақтарылып жатыр, ішінде түк жоқ. Қайтадан үйге қарай жүгірдім. Телефонға ұмтылдым. Әйелім ештеңе білмеймін, сенің қай араға ақша тығып жүргеніңді де қайдан білемін деп ант су ішіп жатыр. Сенбеймін деймін. «Сенсің, сенсің» деп айғайладым. «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» деп зарлап қоя берді ол. Ақыры әңгіме тағы ажырасуға келіп тірелді. Тағы да мен отбасымды қимай қалдым. Шынымен де дәлел жоқ. Бірақ қатты шаршадым. Демалыссыз жұмыс істегеннен шығар. Содан әйеліме қарауылдықты доғаратынымды айттым. Бұл шешімімнің зайыбыма әсері мені қатты таң қалдырды. Ол шоршып, шатынап кетті. Осылай қашанға дейін жүре береміз дейді. Мен демалыссыз азып-тозып кеттім ғой десем, «маған неғыл дейсің, қайыршы боп туған өзіңнен көр» деп қарап отыр. Бұл сөз өңмеңнен өтті. Бірақ тағдырға қарсы шара бар ма?.. Бәрібір қарауылдың жұмысына шықпай қойдым.

 

Сөйтіп едім, сенбі-жексенбі мен жұмыс істеймін деген әңгіме шықты. У-шу бала-шағадан қарауылым дұрыс па деп қалдым. Балалармен үйде қалған күндері әйеліме жаным аши бастады. Бірақ бәрі бекер екен...

 

Сенбі-жексенбі уборка жасайды, байлардың үйіне. Сонысы бәле болды. Сондай өмірді аңсап миымды жейтінді шығарды. Ол арман, мүмкін емес нәрсе дедім. Бірақ сөз ұқпайды. Сол байдың әйелінің киімін, общым шығарып тастаған қоқыр-соқырын үйге тасыды. Осымен қоятын шығар деп жүргем. Бір күні сен жұмыс істей-ақ қой деп салды. Маған 250 мың теңге төлеймін деп отыр олар. Ал сен үйде балаларға қара дейді. Өзім шаршап жүргенмін, басшылықпен де жиі ұрсысамын, «недостача» да көп боп, айлықтан кесіп жүр. Содан кейін бұл ұсынысқа келістім. Бірақ әйелден айырылып тындым. Сол үйдің көлік жүргізушісімен көңіл қосып, тайып қойыпты. Бұған біреу сенер, біреу сенбес. Отыздан асар-аспас осылайша жалзыбасты әке боп қалдым.

 

Ең бірінші әлгі байдың үйінің сыртын тоқпақтадым. Әйелімді тауып беріңдер деймін. Олар полиция шақыртып, салып жіберді. Кезекші полицейдің біріне басымдағы жағдайды айтып, оған әрең сендіріп, ол арадан кеш қарая үйіме қайттым. Енді әлгі үйдің телефон нөмірін тауып алдым. Әйел алды. Өте әдепті, аса сабырлы болуға тырыстым. Ол ұзақ сөйледі. Сөйтсе біздің қатын сыртқа шықпай тұншығып жүрген екен. Әлгі үйдегі барлық еркек атаулымен көңіл көтергенге ұқсайды. Ал жүргізуші сол үйдің қожайынының алыс туысқаны екен, шөп шегеді, болмай қалған адам дейді. Бұл әңгімелерді тыңдап болған соң: «Егер ол болмай қалған адам болса, біздікі, мені қойшы, үш баланы неге қиып тастап кетеді, ақылға сыймайды ғой» деп сұрақ қойдым. Сол кезде көп оқыған әйел секілді маған жұбату сөздер айтты: «Қуды қу, сұмды сұм табады, екеуі де алаяқтыққа бейім адамдар, оларды қосқан осы нәрсе шығар, ал сен жақсы азаматсың, одан да жақсы жарға лайықсың, сондықтан артыңа қарайламай, алға ұмтыл» деді. Мен үнсіз қалдым. Шынымды айтсам ішім жылап жатты. Осынша жылдар ішінде мені түсінген бір адам болғаны мені қатты тебірентіп жіберді. Онда да ол мені көрмеген ғой. Өз-өзіммен боп тұрып қалыппын. Телефонның арғы жағынан дем естіледі. Ол тұтқаны қоймапты. Тетікті мен өзім бастым. Әлгі жанашыр, ақылды әйелге қатты разы болдым. Оған қызықтым. Расында, жар таңдағанда қателеспеу керек деп жатушы еді. Оның не екенін енді мықтап ұқтым.

 

Жұмыс табу қиынға соқты. Қатынға сеніп, тақырға отырып қаламын деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Мең-зеңмін. Жұмыс іздеп барған жердегілер түрімнен шошитын секілді. Сау адамға ұқсамайтын болуым керек. Бала-шаға аш.

 

Әке-шешемнен ерте айырылғанмын. Жалғыз әпкем Көкшетауда тұрады. Оған хабарласқанмен не пайда? Өстіп жүргенде байдың үйіндегі әйел қоңырау шалды. Әйелің оралды ма деп сұрады. Жоқ дедім. Содан «әйеліңнің жұмыс істегеннен жарты ақшасы қалған, соны алып кетсеңіз» деді. Бұған қуанып қалдым. Қолыма 80 мың теңге тиді. Сыртқы қақпаға жақындай бергенде қожайын кілт тоқтатты. Жұмыс таптың ба дейді. Демек, үйде балалармен жұмыссыз отырғанымды кезінде біздікі айтып қойған ғой деп ойладым.

 

- Жоқ, іздеп жатырмын.

 

- Күйеуімнің цехы бар, сол арада жұмыс істейсің бе?

 

- Істегім келеді, бірақ балаларды қалдыратын жер болмай тұрғаны...

 

- …

 

- Бірақ балаларды бірнәрсе қылып ыңғайлаймын ғой, жалақысы қанша?

 

- Көбірек қойдыртуға тырысамын ғой, жағдайың бізге белгілі, онда мына телефонға күйеуіме хабарлас.

 

Үйге жақсы көңіл-күймен оралдым. Жұмыс іздеп, әбден шаршап едім. Үлкен қызым алтыда. Ортаншысы – үште. Бәрінен қиыны – кенжесі, бір жарымда. Апыл-тапыл жүріп жүр. Не керек сырттарынан бекіттім де барлық жауапкершілікті үлкенге артып, жұмысқа жөнелдім. Кешке келсем улап-шулап қарсы алды. Сағынып қалыпты. Мен де жанымды шүберекке түйіп келгем. Жұмысым ыңғайлы. Қаңылтырдан түрлі зат жасаймыз.

 

Бір күні еден жуатын қыз жылап отыр. Онсыз да өзімнің күйім жоқ, біреудің жайын сұрауға құлық соқпайды. Бірақ Құдайдан қорықтым, үш балапаныма көз қырын салып жүр, мен де жаны мұқалған адамға хал-қадірімше медеу болайын дедім. Сөйтсем баратын жері жоқ екен. Қырғызстаннан келген. Көші-қон полициясы мазалайтын көрінеді. Ал пәтер иесіне олайша мазалап келетіндер ұнамайды. Ал олар иісшіл иттер секілді мұны қайдан біліп қоятынын. Не керек, үйге бірге ала кеттім. Ақыры ол үйде қалды. Жақсы әйел бола ала ма, алмай ма, алдағы уақыт көрсете жатар. Ал мен тағы ақша жинап жатырмын, баяғы жер алып, үй салсам деген дәмемен...

 

 

 

 

Сейсен, Алматы облысы

alashainasy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста