Әйелімді өте жақсы көрем, бірақ...

Әйелімді өте жақсы көрем, бірақ...

Қанша ойлансам да, нақты бір шешімге келе алмадым. Ата-анам да «бұл сенің жеке өмірің, бұл мәселеге біздің аралақанымыз орынсыз болар. Сондықтан өзің шеш» деп отыр. Бірақ мен өзім шеше алар емеспін. Өйткені, қай шешімнің дұрыс боларын өзім де білмеймін. Былай тартсам, арба сынады, былай тартсам, өгіз өледі. Сондықтан сіздермен кеңесуді жөн көріп отырған жайым бар.

 

Айжанмен отбасы құрғанымызға сегіз жылдың жүзі болды. Бір-бірімізді ұнатып қосылғанбыз. Сегіз жылдың ішінде бет тырнасқан кезіміз де болмапты. Әрине, отбасы болған соң ұсақ-түйек келіспеушіліктер болды. Бірақ бір-бірімізге ауыр сөз айтып, қатты ренжітіп көрмеппіз. Айжан адам ретінде де, әйел ретінде де өте жақсы жан. Үй шаруасына да пысық. Туған-туысқа да сыйлы. Өйткені Айжан кісі сыйлай білетін жан. Үлкеннің де, кішінің де көңілін табады. Мен оны сүйемін. Сол бір қасиеттері үшін қатты сыйлаймын. Тек...

 

Тек біз бала сүйе алмай жүрміз. Бармаған емшіміз де қалмады-ау. Дәрігерлерге де қаралдық. Олар «екеуіңде де кінәрат жоқ» дейді. Айжан екеуміздің де балалы бола алатын физиологиялық мүмкіндігіміз жеткілікті. Тек екеумізде ортақ бала болмайды екен. Яғни, мен басқа әйелмен, ал Айжан басқа еркекпен балалы бола алады. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, бәр пәле қанымыздың сәйкестігінде болып тұрған көрінеді. Біріміздің қанымызды алмастырған күннің өзінде бала болу ықтималдығы нөлге жуық деседі. Бала болған жағдайда да, ақыл-есі кеміс болып туылады екен. Қысқасы екеуміздің ортақ баламыз болмайды. Басты мәселе осы болып тұр.

 

Бала көтере алмағаны Айжанға да аса ауыр тиіп жүргенін білем. Кей кездері жылаумен таң атырады. Бәрін де сезіп жатам. Бірақ жұбатуға сөз таппаймын. Шарасыз күй кешіп көз ілмей таңды атырамыз. Мұндай түндер жиілеп барады. Соңғы кездері Айжан тұйықталып бара жатқан секілді. Әлде маған солай көріне ме. Өзімнің де жүйкем жұқарып келеді. Сезем. Күйгелектік пайда болды. Кейде болмышы нәрсеге ашуланатынды шығардым. Ашу үстінде Айжанды ренжітіп алмасам деймін. Өйткені оның еш жазығы жоқ. Әйел адам сезімге берілгіш келеді ғой. Сондықтан Айжанды ренжітпей, мүмкіндігінше қолдау көрсетуге тырысып бағам. Бірақ кейде ақылдан бұрын ашу келеді емес пе?!

 

Өткенде, әрі-бері іздеп, бір затымды таба алмай қойдым. Таппағанын әйелінен сұрау еркектердің әдеті емес пе. Мен де Айжаннан сұрамақ болып, Айжан деп бес-алты рет шақырдым. Үнсіз. Жаңа әлгінде ғана ана бөлмеде теледидар қарап отырған. Жауап қатпаған соң көрші бөлмеге барсам, Айжан түкпен ісі жоқ, теледидар қарап отыр. Әй-шәй жоқ, «саңырау болып қалғансың ба? Бағанадан айғайлап шақырып жатырмын ғой. Сериал десе неге естерің шығып кетеді» деп айғайға бастым. Айжан орнынан атып тұрды. Байқаймын ту сыртынан шыққан айғайдан шошып кетті-ау. Кінәлі кейіппен «кешір, естімей қалыппын. Не айтайын деп едің» деп есі шығып кетті. Таппай жатқан затымды айттым. Айжан «отыра тұр, қазір тауып берем» деп жатын бөлмеге жүгіріп кетті.

 

Әлі ашуым тарқай қоймай, теледидары өшіріп, ашуымды содан алмақ болдым. Қолыма пультті алып теледидарға бағыттағанда жаңа туған сәбидің күтіміне байланысты бағдарлама болып жатқан байқап қалдым. Қандай сезім билегенін қайдам, тұрған орнымда қатып қалыппын. «Міне затың» дегенде селк ете қалдым. Айжан екен. Көзінде мұң бар. Көріп жүрегім егілді. Сонда барып неліктен менің дауысымды есітімегенін ұқтым. «Ашу үстінде ренжіткен болсам кешір» деп, құшақтап, бауырыма қыстым. Ол бауырыма тығыла түсіп ұзақ жылады. Құшағымыз жазылмай көп тұрдық. Өйткені, біз бір-бірімізді құшағымыздан шығарғымыз келген жоқ. Әлден уақытта барып Айжан «енді не істейміз?» деді. Мен «білмеймін» деп жауап қаттым. Расымен де не істеу керектігін білмеймін.

 

«Бала асырап алсақ па?» деген де ой болған. Бірақ бұл ойдың қаншалықты дұрыс екенін өзім де білмеймін. Өйткені, басқа отбасын құрсақ, екеуміздің де өз балаларымыз болады. «Өз баламыз болатын болса, неге бала асырап алуымыз керек?» деген қарсы ой да бар. Бірақ, мен Айжанды қимаймын. Бұл ойымды Айжанға айтқан жоқпын. Өйткені, оның қалай қабылдайтынын білмеймін. Байқаусызда жазықсыз жанның жүрегін жаралап алудан қорқам. Кей достарым «тоқал ал» деп кеңес береді. Айжанды қайдам, бірақ оған мен өзім қарсымын. Тіпті Айжан келісімін беріп, тоқал алар болсам да, мен ол адамға жан жылуын да, сүйіспеншілік те сыйлай алмаймын. Өйткені, мен Айжанды сүйем. Егер тоқал алсам, онда екі адамды бақытсыз ететін секілдімін. Ал мен, екі адамның обалына қалғым келмейді.

 

Ал ата-анам болса, «біз Айжанға ризамыз. Өз қызымыздан кем көрмейміз. Ол да біздің бір баламыз. Өз баламызға қалай жамандық тілейміз. «Онымен ажырасып, басқа біреуге үйлен» деп, қалай біржақты шешім айта аламыз. Бұл біз үшін де өте қиын. Біз тек Алладан сендердің бақыттарыңды тілейміз. Сендердің отбасыларыңды бұзуға біздің қақымыз жоқ. Сондықтан бәрін таразылап, өздерің бір шешімге келіңдер. Біз тек сендердің тілеушілерің ғанамыз» дейді.

 

Иә, қай ата-ана баласына жамандық ойлайды дейсіз. Олардың да шарасыз күйін түсінем. Расымен де, әке-шешем Айжанды өз баласындай жақсы көреді. Айжан да оларды өз ата-анасындай сыйлайды. Бірақ балалы болмай отырғанымыз бізді қалай қинап тұрса, олардың да жандарына дәл солай батып отырғанын сезем. Әкем сездіре қоймағанмен, анам сөз арасында біздің балалы болғанымызды көргісі келетінін сездіріп қалады. Біздің перзент сүйе алмай отырғанымыз анама да ауыр тиетіні түсінікті. Брақ, амал қанша... Ондай кездерде Айжанның көңіліне қаяу түспесін деп сөзді басқа жаққа бұрып әкетем.

 

Міне, менің жайым осылай. Тығырықтан шығар жол таппай таусылып барам. Алда не күтіп тұрғанын да білмеймін. Сіздерден ақыл-кеңес күтем. Ақыл-кеңестеріңіз үшін әрбіріңізге рахмет!

 

 

 

Мақсат, Алматы облысы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста