Әйелімнің осындай әрекетінен кейін ғашық бола түсем...

Әйелімнің осындай әрекетінен кейін ғашық бола түсем...

Мен екінің бірі сене бермейтін керемет күйге бөленіп жүрмін. Байқаймын, бұл айдарға көбіне-көп қыз-келіншектер хат жазатын сияқты ер-азаматтарға қарағанда. Бірақ жоқ та емес, білемін. Бүгін мен де сентиментализмге бой алдырып отырмын.

 

Әр оқырманның басынан өткен оқиға өзінше бір үлкен хикая. Маған қалам алдырған жағдай, мен үшін тіптен таңғажайып құбылыс дер едім. Мен тап болған оқиғаның өзгелердікінен ерекшелігі &ndash сырын ақтарған оқырмандарың басым бөлігі өздерін мазалап жүрген жан айқайын бөлісіп жатса, менікі бақытқа бөлейтін ғашықтық сезім. Кімге дейсіздер ғой, өзімнің 25 жыл бірге тұрып келе жатқан Құдай қосқан қосағыма!

 

Мен бақыттымын! Тіл-көзден сақтасын! Негізі әйеліммен танысқаныма 27 жылдай болып қалыпты. Бір-бірімізді ұнатып, екі жылдай кездесіп жүрдік. Сол кезде-ақ мен оның өзіме лайық жар болатынын сездім. Мінезі жұмсақ. Артық сөзі жоқ. Қарапайым. Жатақханада тұрып жатқан қыздар сияқты биге, киноға барып көп қыдырмайтын-тұғын. Мен шақырсам барады, әйтпесе, ешқайда шықпайды. Онысы мен талап қойғандықтан емес, өзінің табиғаты сондай. Менің оны алдап, достарыммен басқа қыздарға кетіп қалған кездерім аз болмады. Ол ләм-мим демейтін.

 

Ата-анам «үйлен» деген соң, жүріп жүрген қызыма ойымды айтып едім, қарсы болмады. Сөйтіп, туған жерім Ақтөбеде дүрілдетіп той жасадық. Айтпақшы, әйелім Қарағанды облысынан. Есімі &ndash Аяулым.

 

Аяулым маған екі ұл, бір қыз туып берді. Үлкен ұлым үйленген. Келінімнің аяғы ауыр.

 

Аяулымды көп жылаттым, тіпті қорладым, оны мойындаймын. Жүйкесін жұқарттым, ол да рас. Оның орнында басқа әйел болса, баяғыда ажырасып кетер ме еді, кім біледі... Бірақ ол бәрін көтерді. Әрине, қатты ренжіп, айқайласып қалатын кездер болды. Бірақ Аяулымды оған итермелеген өзім.

 

Бірде ол менің қалтамнан мүшеқап тауып алды. «Біттім» деп ойладым. Аяулымның мықтылығына таңым бар, үндемей әлгіні қалтама қайта салып қойды. Бар болғаны сол. Есесіне бір ай сөйлемей жүріп алды. Өлердегі сөзімді айтып, кешірім сұрадым. Ол кешірді. Енді бірде телефондағы «СМС» жазбасын оқып қойды. Орысша сөйлейтін бір әйелмен танысып, соған «Спи спокойно, солнышко» деп жазғанмын ғой баяғы. Негізі әйелімнің менің телефонымды ақтаратын әдеті жоқ. Оны екінші сыныпта оқитын ұлым көріп қойды да, бәріміз кешкі астан кейін теледидар көріп отырғанымызда «мынау не?» алып келмесі бар ма. «Балалы үйде ұрлық жатпайды» деген осы. Ұлымның менің телефонымдағы ойындарды ермек қылатын әдеті бар еді. Жазбаны өшіріп тастаған сияқты едім, қалай сақталып қалған, өзім түсінбедім. Қысқасы, кірерге тесік таппадым. Бетімнен отым шықты. Бұл жолы кешірмейтін шығар дедім. Әйелім орнынан тұрды да, жатын бөлмеге кіріп кетіп, түні бойы бір орнынан тапжылмастан жатты. Мен де таңға дейін тырп етпедім. Қозғалсам болды, бақ құсым ұшып кететіндей. Бір кезде көзім ілініп кетіпті. Тұрсам жоқ. Жұмысқа кеткен екен. Оның жұмыстан келетін уақытын зарыға күттім. Көп нәрсені ойладым. Дүние төңкеріліп кеткендей болды. «Ұйып отырған отбасымды ойрандап алсам қайтемін» деп қорықтым. Бір орында отыра алмай, үйге бір кіріп, бір шығамын. Жұмыстан сұрандым. Әдейі. Әйелім қайтып келіп, заттарын алып, төркініне кетіп қала ма деп зәрем ұшты. Әйтеуір келді. Бетіме қарамады. Бұл жолы да тіс жармады. Бір айға дейін сөйлемей қояды енді. Шынымды айтсам, мен үшін бұл да азап. Бірақ кетіп қалғаннан жақсы ғой. Дәл сөйтті. Көпке дейін, көзіне ілмей жүрді де, бір күні әйтеуір жібіді. Өзімшіл екенмін, сол кезде оның қалай қиналып жүргенін тіпті ойламаппын да ғой. Үйден кетпегеніне қуанып жүре бердім.

 

Аяулым менімен ақылдаспай еш нәрсе істемейді. Тіпті киім сатып алу керек болса да, маған айтатын онысын. Сол қылығын пайдаланған мен ақымақ не сатып алса да, зекіп, тіпті боқтап екі аяғын бір етікке тығатынмын. «Барыңды кимейсің бе?! Сәнденіп біреудің көзіне түсе алмай жүрсің бе?! Ақшаны шашып!» деп әбден балағаттайтынмын. Бірақ шыны керек, ол соншалықты киім құмар емес. Керек дүниесін ғана алатын. Осындай адамгершілікке жат қылықтарымның барлығын ой елегінен өткізіп, қазір түсініп жүрмін. «Қатынды &ndash бастан» деп артық кетіп қалатынымды қайтесіздер... Аяулым соның барлығына шыдап бақты. Қазір одан кешірім сұраймын. Қатты өкінемін. «Ештен кеш жақсы», әйтеуір уақыт бұйырыпты маған, Аяулымды алақаныма салып өтуге. Оған да шүкір.

 

Осыдан он шақты жыл бұрын бөлек тұрғысы келетінін айтып қалды ол. Мұндайды еш уақытта естімеген мен шошып кеттім. Дәл сол кезде қатты науқастанып қалдым. Мені қиын сәтте тастап кететін жан емес ол. Дертім екі жылға созылды. Аяулымның сонда маған көрсеткен жақсылығын еш уақытта ұмытпаймын. Ешбір жан дәл солай қолдау көрсетпес еді маған. Соның төзімділігінің, сабырлығының арқасында мен жазылып кеттім. Әйеліме қарап өмір сүргім келді. Міне, сол кезден бастап мен қатты өзгердім. Еш бір жан менің әйеліме тең келмейді екен. Оны өзіне қазір жиі айтамын. «Сен менің өмірімдегі ең сәтті «жобамсың» деймін әзілдеп. «Ажырасайық» деген сөзі жайына қалды. Бір кездегі ол шешімі жайында тіпті сөз қылмайды қазір. Әйелді бақытты қылу үшін көп нәрсенің керегі жоқ екен. Формуласы тіптен оңай. Тек, қадір-қасиетін біл, бағала! Болды. Бар болмысымен қабылда! Аяла.

 

Баяғыдағы мүшеқапты арада он жыл өткенде айтты. Әлбетте менікі емес, деп мойындамаймын. «Менікі емес. Жұмыста бір бала сатып алған еді, мен де қалып кетіпті» деп салдым. Мырс етті де, басын шайқады. «Қойшы болды! Қайдағы жоқты айтпай, он жыл өтті» дедім, өзімше ренжіген кейіп танытып. «СМС»ті де енді айтып жүр. «Тым құрмаса өшіріп тастамадың ба... Жаныма қатты батты. Үш балаңның анасы мені дәл солай еркелетіп көрмеп едің, сол әйелге «күнім» дегеніңе қарағанда менен ыстық болды ма?» дегенде жүрегіме біреу пышақ сұғып алғандай болды. «Жаным-ау» дедім ішімнен сенен артық кім болушы еді. Ол жай жас қызды тез қаратудың бір амалы ғой. Әлбетте Аяулымға олай дегенім жоқ. Баяғы әдетіме салып «басымды қатырмашы» деп зекіп тастадым. Бірақ ол менің қатты өкінетінімді көзімнен оқып қойды. Одан бетер қинағысы келмеді, білемін, тағы да мырс етті де, басын шайқады.

 

Енді міне, бір жылдай болып қалды әйеліме баяғы жас күнімдегідей ғашық болып жүрмін. Оған қарап отырғанды ұнатамын. Оның әр-бір қылығы, тіпті әңгіме айтып отырып, шай ішкені, пысылдап ұйықтағаны бәрі-бәрі керемет! Сезімім арнасына сыймай асып-таситын сияқты. Теңіздей толқимын кейде. Бойымды кернеген ұлы сезім өмірге деген құштарлығымды арттырып жібергендей. Өзімді жасарып кеткендей сезінемін. Осының барлығы маған қызық болып жүр. Тілмен жеткізу қиын. Қысқасы, жаңа, маған таңсық тәтті сезім оянғандай күйдемін. Мен оны осы уақытқа дейін жақсы көрмей жүр екен деп ойлап қалмаңыздар. Оның орны маған қашан да бөлек. Әлбетте жақсы көрдім. Бірақ оным менің дөрекі, ұр да жық мінезімнің тасасында қалып қоятын. Шынында да өзі айтпақшы «қанына ішкен» екенмін. Ал қазір мен ғашық болып қалдым.

 

Әйеліме үнемі қатал қарайтын мен, телефоныма оның бір нөмірін «жаным» деп, енді бір нөмірін «алтыныным» деп жазып қойдым. Мен үшін мына жарық дүниеде одан сұлу, одан ақылды, одан дана жан жоқ. Ол не істесе де бәрінен артық. Оның пісірген тағамы сондай дәмді. Базарға бара қалсам, дәрумен ғой деп, бағасына қарамай (негізі, қытымырлау адаммын) жеміс-жидек, өрік-мейіз, неше түрлі жаңғақтар сатып аламын. Оны тек өзі ғана жесе екен деймін. Балаларыма «мамаларыңа дәрумен керек, бәрін бітіріп қоймаңдар» десем, олар мені мазақтап күледі. Бұрынғыдай арланып, намыстанбаймын, осының барлығын өзіне айтып жүремін. Тіпті аурып қалса, оның ауруын маған берші деп тілеймін Жаратқаннан. Аяулымның қабақ шытқанын да көргім келмейді. Үнемі жадырап жүрсе екен деймін. Ол бақытта болса, мен бақыттымын!

 

«Махаббат шектеусіз сезім, оған тоқтау салып жүрген өзіміз» немесе «Махаббатқа тұсау салма, ол барып түрған әділетсіздік» деген сөздерді оқыдым бір жерден, тауып айтылған. Барымызды бағалайық! Кеш қалуымыз әбден мүмкін.

 

 

 

Автор: Ермек САНАТ, Алматы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста