Отбасы - ошақ қасы

Әйелімнің соңынан өлгім келді...

  • https://narcorehab.com/

    https://narcorehab.com/

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық пробация есебінде тұрған 36 жастағы ер адам ауыр тағдыры туралы баяндады. Айтуынша, аяқ-қолы сап-сау апталдай азамат әйелінің қазасынан кейін күйзеліске түскен. Қазір қарт анасының зейнетақысына қарап қалған ол кезінде слесарь мамандығын меңгеріп, жөндеу жұмыстарымен айналысқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жеті жыл бұрын ауыр дерттен жұбайы қаза болған соң ер адам ішімдікке салынып кеткен.

 

"Екінші рет үйленуді ойлаған жоқпын. Әйелімнің қазасы мен үшін ауыр соққы болды. Оның артынан өмірден өтуді ойладым. Ішімдіктен жұбаныш таптым. Жұмыс жайына қалды",- дейді ол.

 

Кейін ішімдік алуға ақшасы таусылып, көрші үйдің қаз-үйректерін ұрлап, араққа ауыстырған. Үстінен арызданған көршілеріне анасы ұрланған қаз-үйректердің ақшасын төлеп, сотты болудан құтқарып қалады.

 

Бірақ бұл жағдайдан кейін де ер адам еңсесін көтеріп, қатарға қосылуды ойламаған. Бөтелкелестері арасындағы есірткіге тәуелді достары оны шөп тартуға үйретеді.

 

"Таныстарым "ішімдік ішкенше, шөп тарт. Керемет күй кешесің. Барлық проблема ұмытылады, жан дүниең рахаттанады" деді. Менде ол кезде оны жақсы не​ жаман деп ойлайтын қабілет болған жоқ.​ Пайдаландым. Олар екі айға жуық уақыт есірткімен тегін қамтамасыз етіп отырды. Осы уақыт ішінде тәуелді болдым.

Кейін темір жолдың бойында өсіп тұрған анаша тектес өсімдікті байқап, үйге қазып әкеліп, балконға ектім.​ Кейін осы әрекетім үшін сотты болдым. Өкінемін. Мен үшін қайғыдан қартайып кеткен анамның жүзін енді байқадым. Әйелімнің көзіндей болып өсіп келе жатқан қызым бар. Мен солар үшін түзелуім керек. Уақытты кері қайтара алмаймын. Бірақ ендігі кезде жақындарым ренжімесе деймін. Заң алдындағы жазамды өтеп, қатарға қосыла алатынымды дәлелдегім келеді. Менің өмірім басқаларға сабақ болсын. Қиындық ішімдікке салыну немесе есірткі пайдаланумен шешілмейді екен",- деп ағынан жарылды ол.

 

36 жастағы ер адамның есірткі пайдаланып, оны үйінде сақтағаны сотпен дәлелденген. Қарғалы аудандық соты оған анаша шекені және сақтағаны үшін 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды.

 

"Бұл азамат жұмыссыз болғандықтан, қоғамдық жұмысқа күніге 8 сағатқа шығады. Үш күннен бері дала жұмыстарын орындап жүр. Сот шешімін орындамай, міндеттелген 80 сағаттық дала жұмысын жасамаса құжаты қайта сотқа жолданады. Ондай кезде сот шешіміне сәйкес жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады", - дейді Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

 

 

 




Көрілген: 4585    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.11.2020, 21:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын
    17 Қаңтар, 14:07
    Ойнап жүріп от бастым
    29 Желтоқсан 2020
    Құрбым қыздарға құмар...
    20 Желтоқсан 2020
    Махаббат, махаббат деп...
    10 Желтоқсан 2020
    Жігіттер сенетін 6 өтірік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31