Әйелімнің табалдырықты абыройсыз аттағаны жаныма батады

01 сәуір 2019, 15:13

Әйелімнің біреумен жатқаны көзіме келеді де тұрады. Бұл менің алғашқы некем. Басында ондай ойлар келмеген, енді ес жиіп жаман ойлар мазалайды мені. Уақыт өте келе ойымнан кетпейді, әйелімнің абыройсыз Ақ босағаны аттағаны.

Басында ашық түрде айтқан, мен қыз емеспін деген, мен оған көндім, өзімнің жігіттік намысымды таптап, үйлендім. Үйленгенде дейін, мәселені ести салып, мен жарты жыл толқындым, әрі ойландым, бері ойландым, басқа қыздармен де таныстым. Өзі де өкіріп жылаған, кешірімді сұрап. Менің тағдырым шығар деп, үйленуге бел буғанмын. Үлкен қалаға келіп ұрындым дегені, есімнен шықпайды. Нақты кім екенін сұрамадым, жігіті емес екен. Қанша рет болғанын сұрамадым, қанша жігіттермен жатқанын да сұрамадым. Жаман ойлар келеді. Кейбір сәттерде әйеліме деген жиіркеніш пайда болады. Көңіл күйім жоқ болса, әйелім жылайды, менің қандай ойлы болатынымды сезетін шығар. Қандай кеңес бересіздер? Ажырасайын ба? Бір балам бар.

Өтінем, жігіттер, өздеріңді менің орныма қойып жауап беріңдер. Немесе осындай мен сияқты адамдар бар ма екен?

Арсен