Отбасы - ошақ қасы

"Әйеліне хабарлама жібердім": Сүйіктісінің отбасын ойрандаған келіншек мұңын шақты

  • "Әйеліне хабарлама жібердім": Сүйіктісінің отбасын ойрандаған келіншек мұңын шақты

 Отбасылы ер адаммен көңіл жарастырған келіншек одан қол үзіп қалмау үшін жұбайына бар шындықты жайып салғанын алға тартты. Алайда әйел адамның сөзінше, ер адам соған қарамастан отбасын сақтап, әйелімен бірге болғысы келетінін айтқан деп жазады forum_kaz парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Келіншектің сөзінше, ол сүйіктісінің отбасылы адам екенін білген кезде ештеңеге қарамастан онымен қарым-қатынас құруын жалғастыра берген.


Алайда ер адам әйелін сүйетінін, отбасымен қалғысы келетінін айтыпты.


"Бір жігітпен кездесіп, ұзақ уақыт қарым-қатынаста болдық. Кейінірек оның отбасылы азамат екенін білдім. Оған мән бермеуге тырысты, алайда бір айдан соң ол маған әйелін сүйетінін, қызынсыз өмір сүре алмайтынын айтып, айырылысуды ұсынды. Бірақ ол кезде мен оны қатты сүйіп қалдым", - дейді келіншек.

Арудың айтуынша, ол сүйгенінен қол үзіп қалмау үшін оның жұбайына бар шындықты айтып, хабарлама жіберген екен.


"Сөйтіп ол ұйықтап жатқан кезде мен оның телефонынан әйелінің нөмірін көшіріп алып, оған бар шындықты айтып, хабарлама жібердім. Қазіргі уақытта олар ажырасу үстінде. Сүйіктім ол туралы білген кезде менімен қалатынын, мені сүйетінін айтты. Барлығын шешу үшін үйіне қайтып оралды", - деді кейіпкер.

Алайда сүйіктісі өз ойынан айнып, отбасымен қалуды жөн көрсе керек.


"Араға бір апта салып жігітім әйелімен қосылғысы келетінін, мені тастайтынын алға тартты. Мен оның жұбайына хабарласып, бар шындықты білгім келді. Ол өз кезегінде мұндай опасыздықтан кейін онымен тұра алмайтынын, міндетті түрде ажырасатынын айтты. Не істерімді білмей қалдым", - дейді іштегі сырымен бөліскен әйел адам.


KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 2567    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.10.2019, 18:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30