Отбасы - ошақ қасы

Азаматтық некедегі жігітім "жулик" болып шықты

  • Сурет ашық дереккөден

    Сурет ашық дереккөден

Құрметті оқырман, мен талайдан бері «Алаш айнасындағы» «Отбасы – ошақ қасы айдарын» жібермей оқып жүретін оқырмандардың бірімін. Бүгін өзімнің басымдағы жағдайда да ашық баяндап, сырымды ақтаруға бел будым.


Мен Алматы қаласына осыдан 6-7 жыл бұрын келдім. Өзім Өскемен қаласының тумасымын. Жоғары оқу орнын осы қалада бітіріп, жұмысқа да орналастым. Құдайға шүкір табысым да жаман емес. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін дос қыздармен пәтер жалдап, бірге тұрып жаттық. Жанымдағы қыздар артық қылықтары жоқ, өте тәрбиелі отбасынан шыққан қыздар, үш қыз бірге тұрдық. Бір-бірімізге апалы-сіңлілердей болдық. Бойжеткен қыздар болған соң құрбыларымның араласатын жігіттері болды. Бірақ ешқайсымыз жігіттерімізді үйге кіргізген емеспіз. Жігіттерге кездесуге шығамыз, кейде бірге қыдырамыз, бірақ артыққа барған емеспіз. Үш қыздың ішінде менің жігітке аса жұғымым жоқ болатын. Жарытып жігітпен де жүрдім деп те айта алмаймын. Дос қыздарым мені түрлі жігіттермен таныстырыуға тырысып жүретін, бірақ ешқайсысын ұнатпадым.


Бірде жұмыстан үйге қайтып бара жатып таксиге отырған едім. Жол- жөнекей көлік жүргізушісімен танысып, жақсы тіл табысып кеттік. Ол өзіммен қатарлас жігіт екен. Менің жасым 24-те. Ол жігіттің жасы 25-те екен. Екеуміз бір-бірімізбен телефон номерлерін алмастық. Сөйтіп әлгі жігітпен күнде кездесіп жүрдім. Ол өте сыпайы, жылы сөйлейтін. Аз ғана уақыттың ішінде оған қалай бауыр басып қалғанымды да білмеймін. Сол жігітпен сөйлесіп жүрген кезімде жанымда бірге тұратын қыздардың бірі тұрмысқа шығатын болды. Бәріміз оны ұзатып, тойына барып мәз-мейрам болдық. Біраз уақыт өткеннен кейін екінші құрбым жұмыс бабымен басқа қалаға кетті. Сөйтіп жалдамалы пәтерде бір өзім қалдым. Осы сәтті пайдаланып, жүріп жүрген жігітім бірге тұруға ұсыныс жасады. Ол екеуміздің көп ұзамай үйленетінімізді, әзірге отбасында қиындықтар болып тұрғанын айтты. Мен келістім. Сонымен екеуміз бірге тұра бастадық. Пәтердің ақысын да мен төлеймін, күнделікті тамақты да мен аламын. Ал әлгі жігітім болса күнде такси боламын деп кетіп қалады, бірақ әкелген бір наны жоқ, түнде келеді. Ол маған алғаш танысқан кезде күндіз жұмыс істеп, кешкісін бір уақыт такси боламын деп айтқан, бірақ қандай жұмыс істейтінін нақты айтпады. Уақыт өте келе мен жігітімнің өтірікші, жалқау екеніне көзім жете бастады. Бірақ өзіме өзім сенгім келмеді. Ол бірде Астанада тұратын анасы қатты ауырып қалғанын айтып, менен біраз ақша сұрады. Анасына жаным ашып мен қолымдағы барымды бердім. Ақшаны алған соң ол біраз уақыт хабарсыз жоғалып кетті. Телефонына хабарласамын, үнемі сөндірулі. Әбден ашуым келді. Бірақ уақыт өткеннен кейін ол қайтып келді. Ол келе салысымен маған хабарласудың ыңғайы келмегенін, анасы сауығып қалғанын, Астанада үйі бар екенін айтты. Мен оны жақсы көргеннен кейін оның сөзіне иланып, кешірдім. Екеуміз тағы да бір айдай бірге тұрдық. Сөйтіп жүргенде ол көлігінің қатты бұзылып жүргенін айтып, мына көлікті сатып, үстіне ақша қосып басқа көлік алғысы келетінін айтты. Көлігімізді ауыстырған соң мен сені Астанаға алып барып анама таныстырамын, жазда құда түсаеміз деді. Мен оған да сеніп, жігітіме несие алып бердім. Несиені алғаннан кейін жігітім мүлде қарасын батырды. Мен оған күнде хабарласамын, телефон тұтқасын көтермейді. Жігімнің мені тақырға отырғызып кеткенімен қоймай, көп ұзамай мен өзімнің жүкті екенімді білдім. Мен оның соңынан екі ай жүгірдім. Күнде хабарласамын, анда-санда телефонын алып қалса, жақында келемін деп жоқ болады.


Жігітімнен көңілім әбден қалды, енді құрсағымдағы сәбиді қайтерімді білмеймін. Егер анамды шақырып, оған мән-жайды түсіндірсем не болмақ? Жақында осы қалада тұратын әпкеме жолығып, болған жайды толықтай баяндап бердім. Әпкем ол жігітті сотқа берейік деп отыр. Неде болса баламды алдырып, ол жігітті сотқа бергенім дұрыс па? Әлде баламның әкесі екенін мойындатып, қалай да оған тұрмысқа шыққаным дұрыс па? Мен өзімнің ақымақтық жасағынмды білемін, бірақ оны сотқа бергім де келмейді. Не істесем екен?




Жазира, Алматы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 2379    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.12.2018, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31