Отбасы - ошақ қасы

Бақытымды тартып алғанмен, өзі де бақытсыз...

  • Бақытымды тартып алғанмен, өзі де бақытсыз...

    Бақытымды тартып алғанмен, өзі де бақытсыз...

Мен онымен мектепте оқып жүргенде таныстым. Сыныптас балалармен бірге мектепке келгенінде бір-бірімізді бір көргеннен-ақ ұнатып қалдық. Күреспен айналысатын. Жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, қапсағай денелі, ақсары жігіт болатын. Білмеймін, мен оны бар жаныммен құлай сүйдім. Оны көрмей қалған бір күнім азаппен өтетін. Мектеп бітірген соң университетке түсемін деген арманым да адыра қалды. Тек енді Алданышқа тұрмысқа шықсам болды деген мақсат қана тұрды алдымда. Екеуміздің махаббат хикаямызды бүкіл мектеп біледі. Сол үшін талай мәрте қыздар жиналысына да түстім. Қып-қызыл болып сол үшін отқа түссем де мен оны сүюді тоқтатқан жоқпын. Кешке кезудесуге шығамын деп талай мәрте анамнан да таяқ жедім. Бірақ оны көргенде бәрін-бәрін ұмытып кетуші едім. Өмірімнің ендігі мәні, тағдырымның тұтқасы сол ғана деп ұқтым. Ол мен үшін жаттығуларынан қашып, мұғалімдерінен ұрыс естіп жүретін. Оның бәріне біз күле қарайтынбыз. Қол ұстасып болашақ өмірге қадам бассақ бәрі де ұмытылады деп ойлаушы ек. Аяқ астынан осының бәрінің күлі көкке ұшады деп кім ойлаған?..

Мектеп бітіруімізге екі ай қалған уақытта Алданыш үйленіп кетті. Достарынан естігенімде аяғымныңм астындағы жер шыр айналып дөңгеленіп кеткендей болды. Аузыма сөз түспей тілім байланды. Тұрған орнымнан зорға қозғалдым. Қаланың о шетіндегі мектептен 8 шақырым болатын үйге дейін жаяулатып жылап келдім. Үсті басым малмандай су, жаңбырдың астында қалғам. Оны елегем жоқ. Ішім өрт болып жанып бара жатқандай. «Неге, неге?» деген сұрақ жанымды жегідей жеп барады. Келе төсегіме құладым. Маған әбігер болған үйдегілерге ауырдым деп сылтау айттым. Түнде бәрі ұйқыға кеткенде көрпеге көміліп, тұншыға жыладым. Бір бөтелге ішімдік тауып алып, аузыма құйдым. Өртке оранған ішім одан бетер тұз құйғандай ашиды. Жылаймын, жылап жатып бөтелкені тауыстым. Денем балбырап бәрін де ұмытқандаймын. Бірақ екеуміздің бірге жүрген күндеріміз кино лентасындай көз алдыма келген сайын ет бауырым езіледі. «Неге мені сатып кетті?» деген сұрақтың жауабын таба алмай аласұрамын. .. Әйтеуір сүлдерімді сүйретіп жүріп мектепті бітірдім ғой. Әке-шешемнің тоқпағымен өзім қаламайтын оқу орнына түстім. Небір аймаңдайлы, жігіттің төрелері жолықты. Бірақ менің жүрек түкпірімде Алдынышқа деген бір сағыныш жататын. Соның қоламтасын өшіре алмадым. Бәлкім ұмытармын деген далбасамен бір-екеуімен де жүріп көрдім. Жоқ мен оны ұмыта алмайды екем. Бірде Алданыштың жан жолдасын жолықтырып қалдым. Ол үшін қипақтап, тап бір өзі мені алдап кеткендей қатты састы. Шындықты да соның аузынан естідім. Бір кеште ойда жоқта бір қыздың қойнынан табылып, ақыры мені зорлады деп жала жапқан әлгінің аузын жабу үшін құрбындыққа шалынып кетіпті. Қаланың тұштақай қызы ақыры менің Алдынышымды кете алмастай етіп қазыққа байлаған екен. Бар сырын бөлісетін жан досының айтқан әңгімесінен Алданыштың мені әлі де сүйетінін сездім. Бірақ амал не? Лайланған сезім тұнық болмас қайта. Мен оны ұмыттым деп өз өзімді күштеп көндірдім. Қыр соңымнан қалмай жүрген қысық көзді жігіттің етегінен ұстадым. Өзімді бақытты сияқты сезіндім. Құрақ ұшып тұратын күйеуім, бар жағдайымды жасап ата енем жүр. Одан басқа не керек? Үй де бар, көлік те бар. Мен бір сәт дүниеге беріліп өзімді сонымен алдандырдым. Тұңғышымды босанып перзентханада жатқанмын. Ертесіне қасымызға Жайна есімді келіншекті ауыстырды. Керіліп созылып қалған тәлпіш келіншек екен өзі.

Палаталастардың бір-екі күн болмай жатып-ақ зықысын шығарды. Өзінің махабат хикаясын айтқанда майын тамызады. Жүріс тұрысынан-ақ белгілі ғой еркекқұмар екенін өзі де мойындады. Мектеп бітірмей жатып аяғы ауырлап қалып, мектептен қуылыпты. Онысын алдыртып тастап тағы да сайран салыпты. Ақыры өзі өліп өшіп ғашық болған жігітті құрбыларының ақылының арқасында қалай торға түсірудің жоспарын жасайды. Аты шыққан жеңілтек қызға ол жігіт өлсе қарай ма? Ақыры құрбыларының бірінің өтірік туған күнін жасап, сонда шақырып, қойнына кіріп, ақыры сүйгеніне арамдықпен қол жеткізген ғой. Мына әңгімеден кейін палатадағы келіншек біткен оның күйеуін көрмекке қызығушылығымыз артты. Соры қайнаған қандай сорлы екен дегенбіз. Ертесіне терезеден Жайнаның атын атап шақырғанда бәріміз де өре түрегеліп терезеге жүгірдік. Қасымдағы келіншектер оның күйеуіне табалап қарап тұрғанда ... менің көзімнен еріксіз жас ытқыды. Ол менің Алданышым болатын... Ішім алай-түлей болды.Дәл осындай жағдайда көремін деп ойламаппын. Қайран менің алғашқы махаббатым қор болған. Біреудің тағдырымен біреулердің аяусыз ойнайтынын осы кезде білдім...

Перзентханадан шыққан соң мен депрессия басталды. Әлде бала босанғандыкі ме, жоқ әлде Алданышты көргеннен бе түсінбеймін. Әйтеуір күйеуім әр жаққа жүгіріп жүріп емдетті. Менің ішімде не қайнап жатқанын ол қайдан білсін?! Осы кезден бастап мен оны өлсем де ұмыта алмайтынымды білдім. Перзентханадан шығарда келіншектер телефон нөмірлерін алмасқанбыз. Жайна анда-санда хабарласып тұрады. Өзі самбырлап қалған ашық адам, өміріндегі өзгерістерді, соңғы жаңалықтарды мен сұрамасам да шетінен тізіп айтып шығады. Әсіресе Алданыштың атын естігенде жүрегім шымырлап бей-жай боламын... Алданышты ең болмаса сыртынан көріп жүрудің өзі мен үшін бақытқа айналды. 18 жасар қыз құсап алып ұшып, ақыры күйеуімді солар тұратын ықшам ауданнан пәтер алуға көндірдім. Ара-тұра сырттай көріп тұрамын оны. Жүрегім қуанышқа толып, сол күні әндетіп жүріп бар тірлікті тындырып тастаймын. Менің бұл күйіме күйеуім қуанады әрине. Бірақ ішімде ит өліп жатқанын қайдан білсін? Жайнаның соңғы жаңалықтарынан білгенім Алданыш оңды солды қыз-қырқынмен қыдыратынды шығарыпты. Телефонда бар мұңын айтып Жайна көз жасын сығып алды. Менің бақытымды тартып алып еді, өзі де бақытсыз оның... Қайдан бақытты болсын...

Автор: Ақмаржан, Атырау.




Көрілген: 4020    Пікірлер: 4

жексенбі, 26.10.2014, 11:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қаңтар, 10:33
    Нәпсіге ерік беріп...
    27 Желтоқсан 2021
    Пышақ кезенген перзент...
    21 Желтоқсан 2021
    Бұл махаббат па...
    20 Желтоқсан 2021
    Досымның әйелімен...
    15 Желтоқсан 2021
    Сүйем деді, күйем деді
    13 Желтоқсан 2021
    Жоғалып табылған қыз
    12 Желтоқсан 2021
    Қорлығына шыдай алмадым
    16 Қараша 2021
    Әйелімді қимаймын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31