Бала менен емес дейді

28 қазан 2019, 09:45

Сәлем баршаңызға! Күндеріңіз сәтті болсын! Мен мұнда жазған себебім ешкімге айта алмайтын мұңым болып тұр.Күйеуіммен 1 жыл бұрын ажырасып, қаңтар айында қайта қосылдық. Арамызда екі баламыз болған соң, бір-бірімізді жақсы көретіндіктен қосылуға келісім бердім. Өткен-кеткен реніштің бәрін ұмытқым келді.

Күйеуіммен қайта қосылғаннан кейін мен бірден үшінші балама жүкті болдым. Аллаға шүкір, жақында қызды болдық, бәрі жақсы деп қуанып жүргенмін. Кеше қуанышым су сепкендей басылды. Күйеуім кеше маған бала менен емес деп қарап тұр, мойында кімнің баласы дейді... Сондағысы, бала оған ұқсамайды екен, менен де айнымай тұрғаны шамалы...Бала әлі қырқынан да шыққан жоқ, әлі мың турленеді десем, қойшы деп көнбейді... Әкелікті дәлелдейтін тест жасат дедім. Сенбее өзі білсін, мүмкін тест жасатар, бірақ мен оның осылай айтқаны үшін суып кеттім... ішіме сияр емес, есіме түссе жылағым келе береді...

Аноним