Отбасы - ошақ қасы

Бала үшін жездеме тұрмысқа шыққаным дұрыс бола ма?

  • https://www.pinterest.com/

    https://www.pinterest.com/

Сәлеметсізер ме, құрметті оқырмандар, құрбылар, әпкелер! Әңгімемді неден бастарымды да білмей отырмын. Бірақ ақыл-кеңестеріңіз қажет.

 

Өзіміз үйде 6 ағайындымыз. Ауылда тұрамыз, өзім қалада оқимын, жасым 22-де. Мендегі мәселе тұрмысқа шығу боп тұр. Өзімнің сүйген жігітіме тұрмысқа шықсам деп армандаушы едім, бірақ жағдай басқаша.

 

Менің туған әпкем тұрмысқа шыққан еді, жездем де, оның үй-іші де тамаша адамдар. Әпкем босанғаннан кейін аяқ астынан қайтыс болып кетті, қызы аман қалды. Неден қайтыс болғанын түсіне алмай қойдық, денсаулығында еш кінарат жоқ еді, дәрігерлердің салғырттығынан деп ойладық.

 

Әпкемнің қызын кішкентайынан құдашам екеуміз қарадық, қазір кішкентай балапан 1 жастан асты. Ол мені "мама" дейді, маған үйреніп қалған.

 

Ендігі мәселе, жездемнің ата-анасы маған келіп жездеме тұрмысқа шыққанымды сұрап жүр. Кішкентай қызға ана керек, жездеңе тұрмысқа шық дейді.

 

Жездем де менің жауабымды күтіп жүр. Бірақ мен жездемді құрметтеймін, ағамдай көремін. Ұят сияқты, оның үстіне ауылдағылар не ойлайды, мен бұрыннан жездеммен жүреді екен десеші?

 

Жездемдер қалада бақуатты тұрады. Не істерімді білмей жүрмін, ойым шашыраңқы. Ол кісіге тұрмысқа шықпаймын деп үзілді-кесілді келісімімді бермесем, қызын аяймын, басқа әйелге үйрене алар ма екен?

 

Бір жағынан әпкемнін күйеуіне қалай тұрмысқа шығамын?

 

Осындағы үлкен әпке-жеңгелер, түсіністікпен қарап, ақыл қосыңыздаршы. Өтініш, артық әңгіме керек емес.

 

 

Аноним  

alashainasy.kz/




Көрілген: 7043    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.08.2020, 10:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31