Отбасы - ошақ қасы

Балалар үйіне тастап кеткен анасын кешіру керек пе?

  • ©zamana.kz

    ©zamana.kz

«Алаш айнасы» сайтындағы «Отбасы ошақ – қасы» айдарында жария болған, талай адамның бастан өткерген оқиғаларын оқып отырып, жақын құрбымның тағдыры жайлы жазып отырмын. Құрбымның ешкімге айтпаған бұл сыры жайлы осыдан 4-5 ай бұрын өзінен есітіп білдім. Іштегі сырын ақтарып, ақыл сұрағанда не айтарға білмедім. Сондықтан сайт оқырмандарымен ой бөлісіп отырмын (құрбымның атын өзгертіп жазып отырмын, оның себебін өздеріңіз де түсінесіздер ғой).

 

Айданамен 8 сыныпта гимназияға ауысқан кезде таныстым. Екеуміз де гимназияға сол жылы келгендіктен бе жоқ әлде бір партаға отырғандықтан ба, әйтеуір, алғашқы күннен-ақ бір-бірімізге өте жақын болып кеттік. Бір-бірімізге көмектесіп, мектепте үнемі жұбымыз жазылмайтын еді. Жоғарғы сыныпта оқып жүргенде, жігіттерге қатысты сырларымызды да еш бүкпесіз айтатынбыз. Содан келе тіпті апа-сіңілдей болып, етене араласып кеттік.

 

Мектеп бітірген соң екеуміз екі жоғарғы оқу орнын таңдадық. Айдана отбасындағы жалғыз бала болғандықтан ата-анасы бар жағдайды жасайтын. Қымбаттығына қарамастан атақты жоғарғы оқу орындарының біріне түсті. Бірақ, Айдана ешқашан ерке-тотай мінез танытқан емес. Ұялы телефонның да ең соңғы моделін алатындардың бірі Айдана болатын. Үстіне де үнемі қымбат бағалы киім киетін. Бірақ соның бірімен ол мақтанған емес. Үнемі өзін бірқалыпты ұстайтын. Әр кез көңілді жүретін. Айдананың көңілсіз жүргенін алғаш рет осыдан 4-5 ай бұрын көрдім. Сол кезде ол маған еш жанға айтпаған сырын ашты.

 

Айдананы ата-анасы балалар үйінен асырап алған екен (ол жайлы сол кезде ғана білдім). Өзінің туған анасы туа сала Айданадан бас тартып, оны балалар үйіне тапсырған. Қазіргі ата-анасы Айдананы балалар үйінен жасына толмай асырап алған екен. Айдана 10-11 жаста болғанда туған анасы алғаш іздеп келгенге дейін, ол өзін асырап алғанын білмеген. Сол кезде қазіргі ата-анасы туған анасына тілдесуге рұқсат берген көрінеді. Бірақ Айданада ол кезде туған анасына деген ешқандай сезім болмапты. Сосын, арадан жылдар өтіп, ол туған анасы жайлы ұмытып та кеткен. Жарты жыл бұрын анасы оқу орнына іздеп келіп Айданамен кездесіпті. Жас кезде жіберген қателігі үшін кешіруін өтінген.

 

Өзінің айтуынша, Айдана әкесі жайлы ештеңе білмейді. Анасы да нақты ештеңе айтпапты. Анасы Айдананы балалар үйіне тапсырғанын, ата-анасынан қорыққанымен түсіндірген. Ауылдан келіп, жаңа ғана институтқа түскен аңғал қыз, жігіттің арбауына түсіп, алданып қалғанын кеш ұққан. Ал, үйленем деп жүрген жігіт қыздың жүкті екенін естіген соң, қайырылмай кете барған. Әне-міне деп жүргенде баланы алдырып тастауға да кеш болған. Амалы таусылған жас қыз туа сала баладан бас тартып, сәбиін балалар үйіне тапсырған екен.

 

Одан кейін анасы екі рет тұрмыс құрыпты. Бірақ екеуімен де ұзақ отаспаған көрінеді. Құдайдың берген жазасы ма, бала да таппапты. Қазір жалғыз өзі тұрады екен. Басында баспанасы да жоқ. Жалдамалы пәтерде күн кешетінін айтыпты. «Үстіндегі жұпыны киімінен-ақ тұрмыс жағдайының нашар екенін сездім» дейді Айдана.

 

Алайда, Айдана анасының сөзіне сенбейтінін айтты. Оның ойынша, анасы Айдананы балам деп сағынып емес, қазіргі отбасы ауқатты болған соң іздеп келген. «Егер шынымен-ақ мені керек етсе, неге 10 жылдан бері іздеп келмеді. Өйткені, алғаш іздеп келгенде біздің отбасымыздың тұрмысы орташа болатын. Соны көрді. Ал, соңғы 7-8 жылда әкемнің кәсібі жақсы жүрді. Қазір бай отбасының біріміз. Біздің отбасымыздың байығанын естіп іздеп келіп отыр» деп анасын ұнатпаған кейіп танытты.

 

Шынымды айтсам, Айданаға не деп ақыл қосарымды да білмедім. Бір жағынан Айдананың анасын аяп кеттім. Бәлкім өмірде жолы болмай, жалғыз қалуы, жас кезінде жіберген қателігі үшін Алланың берген жазасы шығар?! Ол қаржылық қолдау іздеп емес, жалғыз қалғандықтан, ертең бойдан күш қуат кеткенде Айдана сүйеу болар» деген үмітпен іздеп келген шығар?! Өйткені, жасы 40-қа келген әйелдің енді отбасын құрып кетуі де екіталай ғой. Бірақ, көңіліне қаяу түсіріп алам ба деп, бұл ойымды Айданаға айтпадым. Бәлкім, айтуым керек пе еді?

 

Құрметті оқырман, сіз қалай ойлайсыз, Айдана туған анасын кешіруі керек пе? Мен өз ойымды Айданаға айтқаным дұрыс бола ма? Ақыл кеңестеріңізді күтем.

 

 

 

Әсем

alashainasy.kz




Көрілген: 1952    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 17:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Маусым, 09:11
    Байлыққа қызығып,...
    31 Мамыр, 12:57
    Ана сатып аламын...
    2 Мамыр, 22:21
    Қызыма әке керек
    29 Сәуір, 11:07
    Ананың ақылы...
    8 Сәуір, 17:15
    Өгей ана

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30