Отбасы - ошақ қасы

Балаларынан гөрі "АЖЫРАСҚАН" деген атқа ие болмау қымбатырақ болды-ау деймін...

  • Балаларынан гөрі

    Балаларынан гөрі "АЖЫРАСҚАН" деген атқа ие болмау қымбатырақ болды-ау деймін...

 Сəлем қыз-келіншектер! Əйел адам отбасын сақтауға қаншама күш-жігерін жұмсап ,балалары үшін бəрін құрбан етеді. Ал еркектердің көбісі оны түсіне бермейді. Күйеуі алқаш болып оған шыдап жүрген қыз- келіншектерге айтарым, отбасыңызға шын жандарыңыз ашыса ажырасыңыздар.Балаларыңыздың болашағын ойлаңыздар.Себебі бұл жағдай өзіме өте таныс.


Менің де балалық шағым осы арақпен алысумен өтті.Əкеміз күнде арақ ішетін.Күнде еститініміз боқауыз сөз, одан қалса, анамызды көзімізше төпештеп ұратын. Өзімізде таяқ жейтінбіз арасында. Өсе келе əкеге деген, тіпті ер азаматқа деген сенімім мүлде жоғалды. Ішіп, қыдыруды да шығардым. Ата-анам одан бейхабар еді.Себебі олар өздерінше қырылысып менде еш шаруалары болған жоқ. Сабақты да дұрыстап оқи алмадым. Сөйтіп тəрбие көрмеген қатыгез адам болып өстім. Өйткені маған өмірдің еш мәні жоқтай бәрібір болып кетті.


Кейде ойлаймын, осы менің ата- анам маған қандай тəрбие берді. Əкем ішіп үйдің ойранын шығарғанда талай рет "мама ажырасшы, кетейікші" деп жылап, жалынатынмын. Бірақ анам ажыраспады. Балаларынан гөрі "АЖЫРАСҚАН" деген атқа ие болмау қымбатырақ болды-ау деймін.Егер сол кезде анам бізді ертіп ажырасып кеткенде тəрбием басқаша болар ма еді деп ойлаймын кейде.Анамның үмітін ақтар ма едім .Əкесіз-ақ бақытты болып, басқаша өмір сүрер ме едім.Сабағымды жақсы оқып жақсы бір маман болар ма едім. Қазір не мамандығым жоқ, не отбасым жоқ, өмірге өкпелі жандардың бірімін.




Аноним


 




Көрілген: 2083    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 10:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31