Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Балалы-шағалы еркекпен көңіл қосатын әйелдерді түсінбей-ақ қойдым...

03 қыркүйек 2020, 21:47

 Амансыздар ма, қалдырыңыз калай, құрметті қауым. Маған психолог мамандардың кеңесі керек еді. Егер мүмкін болса, есімім аноним түрде болса екен.
Менің мәселем – жолдасам. Аллаға шүкір, отбасылы болғанымызға 10 жыл болды, ата-ене, туған-туысымен арамызда ешқандай мәселе жоқ, бәрі жақсы. Мен жолдасыма жастай қосылдым. Қазір менің жасым 29-да, ол 42-де. Отасқан күннен бастап оған бағынып, үйден шықпай, өзімді отбасы, бала-шағаға арнадым, Алла берген 5 баламыз бар. Үйде отырып, балабасты болсам да, өзімді өзім жақсы күтемін, келбетім, фигурам жаман емес. Алайда кейінгі кезде жолдасым жұмысындағы әйелмен байланысып, арамыз бұзылып жүр. Білуімше, ол әйелдің де күйеуі, балалары бар. Бірақ екеуі де жақын қарым-қаытнастарын үзер емес.
Осы жағдайға байланысты өзімді өзім әбден әбіржітіп жібердім, ойламайын, қызғанбайын десем де, жүрегім көнер емес. Ажырасайық десем, күйеуім оған көнбейді, тіпті көнген жағдайда да 5 баланы қалай өсіріп, жеткізем?
Балалы-шағалы еркекпен көңіл қосатын әйелдерді түсінбей-ақ қойдым, осындай оңбаған әйелдердің кесірінен қаншама шаңырақ шайқалып жатыр. Өз күйеуімнен де көңілім қалды. Не істерімді білмеймін.

Өзімді өзім көтермелеп, күйеуіме мін бермей, балаларым үшін өмір сүргім келеді, бірақ қолымнан келер емес. Өтінем, кеңес беріңіздерші.