Отбасы - ошақ қасы

Балалы-шағалы еркектер жүруге ұсыныс жасайды

  • Балалы-шағалы еркектер жүруге ұсыныс жасайды

    Балалы-шағалы еркектер жүруге ұсыныс жасайды

 Жасым келгендіктен болар, отбасылы еркектер маған жүруге ұсыныс жасайтын болыпты.Тағдырым шығар, жасым 28- ге келсе де біреудің етегінен ұстау бақыты бұйырмапты.

Оқу оқып жүріп қалдым.Карьера қудым деп те айта алмаймын.Көптің бірімін.Қарапайыммын.Орта арнаулы ғана білімім бар.Тұз-дәм көтермесе қыз бала қанша талпынса да пайдасы жоқ екен.25- тен асқан соң ойлана бастадым.

Себебі айналама қарасам қатар құрбыларым тұрмысқа шығып,алды екі -үш балалы болып жатыр.Мен де ойланып жүргенімде,бала -шағасы барлар, ажырасқандар ұсыныс жасай бастады.

Отбасы болса да сырттан жылу іздейтіндер қаншама.Әйелінің көзіне шөп салып,оны әйелім білмесін деп қашып -пысып жүретін еркектер ұнамайды.Маған әкем сияқты өр мінезді жігіттер ұнайды.

Әкем де кезінде жүрген.Бірақ анама айтатын.Анам ауыр болса да бәрін білетін.Бәрін көтеретін.Өйткені сырттағы әйелдердің табалай сыпсыңдағанынан өз аузымен айтқаны әлдеқандай жеңіл болатын шығар,қазіргілер сияқты ажырасамын деп аласұрғанын көрмеппін.Бәріне сабырмен қарайтын.Содан да болар,жанұяның іргесі ажырамапты.Бірақ...анамның әкем келмей қалған түндері күрсініп,ұйықтай алмай шығатынын сезуші едім.Ал таңертең бала -шағасына дым білдірмей жайраңдап шәйін беретін.

Тек мен ғана, анамның көз жанарының түкпірінде мұң жүретінін білетінмін.Соның бәрін көріп жүріп, өзіме ұсыныс жасаған отбасылы еркектердің ар жағындағы әйелін ойлаймын.Анам көз алдыма келеді.Содан да болар еркекке ішім жылымайды.

Жүрегімде ер азамттарға деген сенімсіздік бар,қалай арыламын?...

 

Маржан
 




Көрілген: 3141    Пікірлер: 0

жұма, 06.03.2020, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30