Отбасы - ошақ қасы

Баламды әкесіне бергім келмейді

  • Баламды әкесіне бергім келмейді

    Баламды әкесіне бергім келмейді

 Екеуміз бір бірімізді қатты жақсы көретін едік. Бір-біріміздің дауысымызды естімесек ұйықтай алмайтын едік. Ол мені  аптасына 1 рет киноға апарып тұрады. Ол маған қымбат болмаса да күніге сыйлықтар сыйлайтын еді. Ән-міне дегенше тұрмыс құруға ұсыныс білдірді, қуанып тұрмысқа шықтым. Бір жылдай бақытты тұрдық, кп ұзамай баламыз дүнеге келді. Күйеуім өте бақытты еді. Осындай күшті күндермен 2 жылдың қалай өтіп кеткенін байқамай да қалыппыз.


Уақы өте келе күйеуімнің басқа қызбен сөйлесіп жүргенін байқадым, бірақ үндемедім, дәлелім де жоқ еді. Мүмкін солай көрінген шығар деп өзімді алдап жүрдім. Бірде күйеуім дүкенге кеткенде   телефоны үйде қалыпты, әншейінде қолынан тастамайтын еді, сол күні ұмытып кетті ме, әлде мені қарай ма деп тастап кетті ме, білмедім. Қолыма  түскен соң ашып қарадым, күдігім расталды. Сол кезде смс келді, қарасам қыздан екен. "Жаным, сенің әйелің бәле болды ажыраспасаң осы жерден қояйық" депті. Денеме су сепкендей болды. Смс-ті өшіріп тастадым. Күйеуіме айтпадым, дым білмегендей жүрдім. Бірақ осыдан кейін ұрыс-керіс көбейіп кетті үйде. Мен бәрін дұрыс ісемеймін әйтеуір. Бір күні ішіп келіп ұрды. Өз төркініме кетім қалдым. Артымнан бір іздеп келген жоқ. Басқа келіншек аламын деп ашып айтты. Арыз бердім ажырасуға, солай ажырасып кеттік. Бір ай болмай екінші келіншек алды. Мен мұңайып күйзелісте жүрдім, арада  2 жылдай өтті. Олардың балалары болмады. Енді күйеуім бізге үнемі келіп,  менің ұлымды сұрап жүр,  өзім қараймын дейді, мен әрне, бермей жібердім. 


Жақында мен де қайта тұрмысқа шықтым, бақыттымын. Күйеуім бағалайды, екінші баламыз болады. Бұрынғы күйеуім баласын сұрап жүр әлі. Мен баламды бергім келмейді. Бақытты өмір кешудемін, бұрынғы күйеуім туралы ұмытып кеттім. Қазіргі күйеуім өткенді ойлама оның маңызы жоқ, болашақпен өмір сүрейік деп маған қолдау білдіріп отырады. Бақыттымын. Бірақ баламды бергім келмейді, бермеймін де. 




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.02.2019, 10:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 09:40
    Баламды бергім келеді
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30