Отбасы - ошақ қасы

"Баламнан бас тартқан емеспін": Қыран Талапбек Айжұлдызбен ажырасуына қатысты

  • "Баламнан бас тартқан емеспін": Қыран Талапбек Айжұлдызбен ажырасуына қатысты

Қыран Талапбек Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқанымен, одан туған баласынан бас тартпағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz Қуаныш Шонбайдың "Төртеу түгел болса" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Үйлендім, ажырастым. Отбасы бола алмадым. 3 жыл жақсы көрген қызға үйлендім", – деген Қыран ел арасында тараған "баласын тастап кетіпті" деген әңгіменің нүктесін қойды.

 
"Мен баламнан ешқашан бас тартқан емеспін. Мен әрдайым оны бағуға, көмектесуге, жағдайын жасауға, әкелік тәрбие беруге әрқашан дайынмын. Аллаға шүкір, оған мүмкіндігім жетеді", - деді ол.

Өз кезегінде Айжұлдыз Адайбекова да үнсіз қалмады. Экс-күйеуінің сұхбатын көрген ол екіқабат әйелдерге қажетті қолдау жайлы сөз қозғады.

"Екіқабат әйелдерді бағалаңыздар. Олар қорғансыз және күйеулерінің қолдауына зәру. Шын айтамын!

Мен барлық ауыртпашылықты басымнан өткердім, бойымда ешқандай қорқыныш жоқ. Елдің сөзінен немесе басқадан қорықпаймын. Маған осы видеоны жіберіп, direct өртеніп жатыр. 

Нүктесін қояйын десем, үнемі бір хайп шығады.

Қысқасы, достар! Мен оны кешірдім. Онымен сөйлесе де аламын. Інімдей болып кетті. Бұл – менің өмірім және өткенімнен ешқайда қашпаймын. Қабылдаймын! Екеумізге де оңай болмаған шығар...

Сәттілік тілеймін! Мен ойыннан шықтым. Мен-ақ кінәлі болайыншы. Ол жарады, ал мен жоқ. Болды", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.




Көрілген: 1981    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.07.2021, 09:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр
    25 Шілде, 23:38
    Көгілдір көзді қыз
    18 Шілде, 00:13
    Енем мезі етті
    3 Шілде, 11:52
    Екеуін де сүйемін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30