Отбасы - ошақ қасы

"Бәрі өте керемет": 12 қайын апасы бар жас келіннің өмірі қалай өзгерді

  • "Бәрі өте керемет": 12 қайын апасы бар жас келіннің өмірі қалай өзгерді

Жақында ғана әлеуметтік желіде 12 қыздан кейінгі жалғыз ұл үйленгені туралы ақпарат тараған еді. Ерекше отбасыға келін болып түскен жас келін видео арқылы өзінің қазіргі жағдайы қандай екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.


Атыраудағы дүбірлі тойды бүкіл ел жарыса жазды. Таңданысын жасыра алмаған халықтың санында есеп болмады. Көпшілік жас келінге аяушылықпен қарап, оған сабыр тілегендер де табылды.


Алайда 13 құрсақ көтерген ақ жаулықты ана мен жап-жас келін қайын апаларының ортасында елге видео жолдаған.


"Мен 12 қыз бір ұлдың анасымын. Осы жақында ұлым маған аппақ келін сыйлады. Тәп тәтті. Мен ризамын. Аллаға шүкір" , - деді алтын құрсақты ана.

Тал шыбықтай иілген жас келін жолдасы "отбасымда 12 қыз бар" дегенде қатты таңқалғанын, дегенмен бәрі жақсы екенін айтты.


"Жолдасым 12 апам бар деп айтқанда сене аламадым. Ойнап тұрған шығар деп ойладым. Содан кейін қайын апаларыммен жайлап араласа бастадым. Желіде неше түрлі әңгімелер айтылып жатыр. Сол әңгімеге жауабымды айтып кетейін деген едім. Ешқандай қорқыныш жағдайы жоқ. Бәрі өте керемет", - деп ағынан жарылды жас келіншек.

Еске сала кетсек, бұған дейін 12қыздан кейінгі үйдің сүт кенжесі үйленгені туралы хабарлаған едік. Дүбірлі той Атырау қаласында өткен.





Көрілген: 1282    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 18:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Желтоқсан 2019
    Тоқал алу сән болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31