Отбасы - ошақ қасы

Бастығым қырындап қоймай жүр

  • Бастығым қырындап қоймай жүр

    Бастығым қырындап қоймай жүр

Жаңа жыл қарсаңында коллективпен отырыс болған. Сол отырыстан адамдар жəйлап қайтып жатқан соң, менде шығып кетіп бара жатқанмын. Жұмыстас ағай өзім апарып тастаймын деп қоймаған соң, кішкене кідіре тұрайын дедім.

Сосын бір апайға бірге қайтайық, қазір Макең апарып тастайды деп жібермей қойдым, ол əйел такси шақыртып қойған еді. Сонымен, сəлден соң, қайтайық-қайтайыққа басып əлгі кісіні алып шықтым іштен. Машинаға 3 адам болып отырдық. Бір қызды бірінші апарып тастады. Жұмыстас апай екеумізді апара жатыр енді. Мені соңынан апарып тастайтынын, анау апайды жолдан таксиге отырғызып жіберетінін айтып жатыр жұмыстас кісі. Мен сезіктене бастадым. Маке бірінші мені апарып тастаңыз, кешігіп жатырмын, күйеуім сөйлейді десем де, əлгі апайды бірінші түсіріп кетті. Негізі ол екеуінің тұратын жері жап-жақын болатын, менікі алыстау болды. Ал енді қорқайын. Ішімнен бір Аллаға сыйынып отырмын. Менің күдігім расталып, алдына отыр деп өтінді. Мен жоқ отырмаймын деп қасарысып алдым. Ту, кешігіп жатырмын, күйеуім ұрсатын болды деп қоймадым əдейі. Көшенің бойынан түсіп қалдым да үйге қарай бастым. Жаман ойы іске аспай қалды. Түсіп бара жатсам, ерніңнен тістеп алайын ба деп айтып қалып жатыр.Ол үйленген, отбасылы адам. Менің де отбасым бар. Мен ол кісіге ешқандай повод бермедім солай ойы бұзылуына. Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді дейтіндей ештеңе істемедім. Сол жағдайдан соң өзімді біртүрлі сезіндім, тіпті  жек көріп кеттім өзімді. Неге, не үшін деп. Жай сіздермен бөліскім келді. Сіздер не ойлайсыздар? 




Көрілген: 2443    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 12:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31