Отбасы - ошақ қасы

Бастығымнан жүктімін, баланы алдыртқым келмейді

  • Бастығымнан жүктімін, баланы алдыртқым келмейді

    Бастығымнан жүктімін, баланы алдыртқым келмейді

 Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырманІ Сіздерге басымдағы жағдайды жазуды ұйғардым. Өтініш,  тек сөкпеніздерші. Мен үлкен қателік жасадым. Қатты өкінемін. Мүмкін істегендерімнің жазасы болар, қатты қиналып кеттім. Мен жұмыста бастығым жас жігіт болатын. Бірақ отбасы бар. 2 жылдан бері бала сүйе алмай жүр екен. Әйелі 2-3 рет  түсік тастапты. Жақында ғана əрең көтергенін естідім.

 Менің айтпағым,  сол бастығымнан менің де аяғым ауыр. Білемін, қатты қателестім, онымен ешқандай болашағымыз жоқ. Маған "баланы құрт" дейді. Түсік жастақанымды қалайдыі. Бірақ біздің қателігімізде баланың кінəсі жоқ қой. Мен алдыртқым келмейді. Обалына қалғым келмейді. Ол ауыр күнə ғой. Күнə үстіне күнə жалғағым келмейді. Жұмыстан шығып кеттім. Əке-шешем ешнəрсе білмейді. Не істерім білмеймін?! Ол бала дүниеге келсе қалай асыраймын, қайда тұрамын, білмеймін... Əке-шешем күнде ұрсысады, қазір мені іздемейді да... Өмірім астан-кестең болып жатыр. Кешіріңіздер... Жанымдағы кейбір адамдарды да енді танып жатырмын... Бұл өмірде ешқандай махаббат жоқ екен

Мен шалыс бастым, мойындаймын. Өзіме де сол керек. Мен ол жігіттен ешнəрсе күтпеймін. Ажырасып мені алсын деген 3 ұйықтасам түсіме кірмеген ондай ой. Мен қателестім. Соның зардабын шегіп жатырмын. Бірақ бір нәрсе анық, мен аборт жасамаймын. . Өз баламды қалай өлтіремін. Ол баланың кінəсі жоқ. Оны туып, далаға да тастамаймын. Енді тек осы балам үшін өмір сүремін. Дұрыс өмір сүруге, енді қателік жасамауға тырысамын. Ары қарай, өзімді де баламды да Аллаға тапсырдым. Əке-шешем білмейді. Олар маған ұрыспайды. Өздерімен өздері. Мен кішкентай кезімнен көп қиындық көріп келемін. Көп қорлық көргенмін. Үнемі алданып қалам. достарым да сатып кетеді. Мамам 10 жасымда қайтыс болған. Екінші анам бар. Қазір 22-демін. Кешіріңіздер артық кетсем. Жай кімге айтарым білмеймін,  қатты қиналып кеттім...

Аноним 




Көрілген: 4223    Пікірлер: 7

дүйсенбі, 20.02.2017, 09:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:55
    Қайнымнан шаршадым...
    13 Қыркүйек, 14:35
    Тұрмысқа шығуға қорқам...
    9 Қыркүйек, 01:14
    Қайынағам қырындап жүр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31