Отбасы - ошақ қасы

"Бастысы әркімнің қойнына кірген жоқпын": 6 рет тұрмыста болған әйел жансырын ақтарды

  • "Бастысы әркімнің қойнына кірген жоқпын": 6 рет тұрмыста болған әйел жансырын ақтарды



Ажырасу қоғамның дертіне айналғалы қашан. Тағдырдың жазғанына көніп, тірлігін жалғастырып жүргендер, қайта отбасын құрып бақытқа кенелгендер де кездесіп жатады. Айрандай ұйып отырған отбасының ажырауы, әсіресе әйел адамдарға ауыр тиері сөзсіз. 6 рет тұрмыс құрған кейіпкер өзінің тағдырлы өмірін, басынан кешкен қиындықтары мен сол арқылы қалыптасқан құндылықтары туралы баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" басылымына сілтеме жасап. 


ажырасқан


«45 жастамын. Екі баланың анасымын. Базарда саудагер болып жүргеніме 30 жылдан асты. Отбасында үйдің екінші қызы болдым. Кішкентайымнан әпкеме көмектесіп, базарға шығып кеттім. Әкеміз аурушаң адам еді. Анамыз кішкентай сіңліміз дүниеге келген кезде өмірден өтті», - деп бастады әңгімесін кейіпкер. 


Ол бауырларын жетілдірем деп әпкесімен бірге жастайынан жұмысқа кіріскен. Өмірдің қиындығы тек материалдық проблемамен шектеліп жүргенде, 18 жасында өзінен әлдеқайда ересек адам алып қашады. Тағдырыма көндім деп, отбасылық өмірін жалғастырып жүре берер ме еді, егер аяғы ауыр бола тұрып күйеуі сабамаса. Денсаулығы нашарлап, ауруханаға түседі. Әпкесі оның мүшкіл халін көріп, үйге алып кетеді. Бірінші ажырасу осылай болған еді.


«Араға екі жыл салып тағы да тұрмыс құрдым. Бұл жолы сондай жақсы адам кезікті. Жанымды түсінетін, мені құрметтейтін адам еді. Көлік апатынан әйелі мен баласы қайтыс болған соң бес жыл бойына отбасын құрмаған екен. Бір-бірімізді таныған соң бірден үйленуге шешім қабылдадық. Үйлендік. Неге осындай адамдар өмірден ерте кетіп қалады екен? Отбасын құрғанымызға жыл толмай ол кісі жол апатынан қаза болды. Осылайша өмір мені тағы да күтпеген жерден сынады», - деп әңгімесін әрмен қарай жалғастырды әйел.


Өмірдің көлеңкелі сәті кетіп, күн шыққандай көрінгенімен үшінші рет тұрмысқа шыққан азаматы қайтыс болады. Арада депрессияға ұшырап, басы қатып жүреді. Біраз уақыт өткен соң өзіне тағдыры ұқсас ажырасқан адаммен төртінші рет тұрмыс құрады. Бірақ оның да соңы ішкілікке салынып таяқ жеумен тынған соң, тағы да ажырасады.


Төрт рет ажырасқан деген елдің сөзінен шаршап, Алматыға кетеді. Бұл жақта да базарда жұмыс істейді, мұнда жүріп бесінші жолдасына кездеседі. Өмірінде алғаш рет сәби сүйіп, әйел бақытына жетеді. Бұл жары да қайтыс болады. Алтыншы рет отбасын құрып, ұлды болады. Тағы да ішкілікке салынған адамды көріп, ажырасады. Енді ешқашан тұрмысқа шықпаймын деп өзіне сөз береді.


«Мен ұлы да қызы да бар бақытты анамын. Бастысы әркімнің қойнына кірген жоқпын. Өмірде кездескен жандармен некеде болдым. Күнә жасамадым. Маған берілген сынақ осы болса, сынбай келе жатуым мықтылығым деп білемін. Бірақ, адамдар өз бастарына түспей өзгені түсінбейді», - деп ішкі шерін тарқатты кейіпкеріміз.


Қандай жағдай болмасын, өзге адамның өміріне үкім шығарар ешкім жоқ екенін есте ұстағанымыз жөн. 


 



 

 




Көрілген: 3583    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.11.2019, 16:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Желтоқсан 2019
    Тоқал алу сән болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31