Отбасы - ошақ қасы

Байлы болып байдан рахат көрмедім

  • Байлы болып байдан рахат көрмедім

    Байлы болып байдан рахат көрмедім

 «Жаман еркектің басын төрге сүйрейтін де,жақсы еркектің басын көрге сүйрейтін де әйел» деген сөз бұл күнде, маңыздылығын жоғалтпаса да, айтқаныңа жүрмейтін,сүйрегеніңе көнбейтін еркектерді қайтсек екен?

Он жылдан бері, ұрғанына көндім. Ішкеніне төздім. Соңғы уақытта ішкені ішкен, шегетінді шығарды. Одан қала берді үйге қонбайтын болды. Айлығын үйге әкелмейді.

Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз. Үлкен қызым сабақтан жылап келді. Апай, бес күндікке арнайы шыққан күнделікті ұстамасаңдар, сабаққа келмеңдер деп ескерткен, мен сізге айттым. Ал бүгін маған ұрысты деді, көзінің жасы мөлдіреп. Ол күнделіктің бағасы удай. Еден жуып табатын азғантай ақшамды, не пәтер ақысына, не балалардың ішіп –жеміне, не киіміне жеткізе алмай созғылаймын. Кей кезде кафе-мейрамханаларға жалданып, түнімен, ыдыс – аяқ жуамын. Аяғым, тік аяқтан тұрып жұмыс істегендіктен, күп болып ісіп кетеді. Ал таңертең демалмастан,ана күнделікті жұмысыма кетемін.

Қайтсем балаларымды жеткіземін деп, аласұрып жүргенімде, күйеуім ішіп келіп, сабап қолымды шығарды. Енді жұмыс істеуім тіптен, қиын. Бұрын ұрса да үн қатпай, жауырынмды тосып, отыра беруші едім. Бұл жолы, қайдан күш тап болғанын білмеймін, қызымның жылағанына, оған күнделік алып беруге ақша таппай не істерімді білмей отырғанда, келіп тиіскені мендегі ұйықтап жатқан дауылды оятып жібергендей болды.

Сол күні, ойламаған жерден, қорғанамын деп жүріп, қолымды шығарып алдым, жаныма батқан жан жарасы мен тән жарасы ушығып, көзіме ештеңе көрінбей кетті. Барынша айбарланып, жұлқынып қалдым да, күйеуімнің бетіне тіке қарап «шық үйден!» дедім. Осы уақытқа дейін сенің еркелігіңді көтергенім жетер, ендігіден былай мазамды алма. Сенен байлы болып,қайыр көрмедім. Тапқан табысыңды, іштің-шектің, бәріне көніп едім. Үйге қонбайтынды шығардың. Әйел бәрін кешірсе де, көзіне шөп салғанды кешірмейді. Анау,қасына қонып қалатын сұлуыңа бара ғой - дедім, есікті нұсқап. Түрім жан – шошырлық болып кеткені соншалықты, күйеуім аңтарыла қарады да, бет қаратпайтын сыңайымдыі байқап, шығып жүре берді.

Содан бері жоқ. Ішім алай–дүлей, іздегім келеді. Біресе, "осылай тыныш жүргенім жақсы, барынан жоғы" деймін. Байлы болып байдан рахат көрмедім. Не балаларыма әке болып жарытпады. Сіздерден сұрайтыным, жаман болса да, балаларымның әкесі ғой деп, бәрін кешіріп үйге алып келгенім дұрыс па? Алып келсем, жақсы әке бола ала ма? Немесе, өз бетімше осылай тыныш өмір сүргенім дұрыс па? Ойланып, ой түбіне жете алар емеспін. Кеңес беріңдерші.
 

 




Көрілген: 1010    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 09:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Ақпан, 16:10
    Екі әйел алмаңдар!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30