Отбасы - ошақ қасы

Бес жыл бойы әйелім басқа еркекпен көңілдес болып келеді

  • Бес жыл бойы әйелім басқа еркекпен көңілдес болып келеді

    Бес жыл бойы әйелім басқа еркекпен көңілдес болып келеді

 Мен Атырау тұрғынымын. Жасым 43-те. Жұбайымның жасы 41-де. Бәріне түсінікті болу үшін басынан бастап баяндайын. Оқиға 2013 жылы басталған. Мен өзім теңізде жұмыс істейтін болғандықтан, үйде көп бола бермеймін. Көбіне жұмыста. Бір демалысқа келгенімде, досым маған әйелімді бір үйдің подъезінен ер адаммен шығып бара жатқанын көргенін айтты.


Мен бастапқыда шатасқан боларсың деп сенбедім. Сосын ол телефонға сыртынан түсіріп алған суреттерін көрсетті. Қарасам расымен де әйелім екен. Досым оларды (әйелім мен ойнасы)жиі көретінін айтты. Көбіне түнімен сол пәтерде болатынға ұқсайды. Ашуға бой алдырмай, бәрін әйелімнің өз аузынан естігім келді. Үйге барып оңаша калғанда, жаңағы суреттерді көрсеттім. Мынау не, мынау кім деп? Басында шошыды, не айтарын білмей сасқалақтап қалды. Дегенімен мойындауына тура келді. Олар АГЕНТ әлеуметтік желісінде танысыпты. Басында бір-біріне фотоларын жолдап, хат алысып отырған. Ішінде фотоларын да жіберген болып шықты.


Уақыт өте екеуі кездесуге уағдаласады. Кездесіп жүрген жігіт те осы Атырау тұрғыны екен. Екеуі жалдамалы пәтерде кездесіп, көңіл көтеру үшін вино ішкен. Кездесу күндіз болғасын күн ұзағына екеуі сол пәтерде болып, кешке әлгі көңілдесі әйелімді таксиге отырғызып жібереді. Содан екеуі араға бір-екі күн салып, жиі сол пәтерде кездесіп тұрған.

Мен оны білгеніме бір жыл болды. Оған ұрыстым, айғайладым. Бірақ әйелімді қатты жақсы көрем. Ол 41-де болғанымен әлдеқайда жас көрінеді. Көңілдесінің жасы 47-де.

Арамызда екі бала бар. Екеуі кездесулерін тоқтатар емес. Мен оның көңілдесімен телефон арқылы сөйлесіп көрдім. Ол әйелің мені жақсы көреді не істе дейсің, мен оны күштеп алып жүрген жоқпын. Бәрі соның қалауымен дейді.

Бес жыл бойы әйелім басқа еркекпен көңілдес болып келеді. Әйелімді қатты жақсы көрем. Ол менен де кеткісі жоқ. Енді не істерімді білмей басым қатып жүр. Мүмкін оқырмандар ақыл қосар, — деп көпшіліктің ойын білгім келген?Намыс қайда?Еркек емессің бе?- деген сөзді басына түспегендер айтпай –ақ қойсыншы.Әйелімді қатты сүйгендіктен,бәлкім арадағы балаларымды қимағандықтан шыдап жүрген болармын.Әйтеуір өзімді –өзім түсінбейтін хәлдемін....

el24kz




Көрілген: 8950    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 12:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қазан, 10:43
    Күйеуім бола тұра...
    24 Қыркүйек, 10:32
    Бір өмір: әкесі мен қызы
    18 Қыркүйек, 11:18
    Төркініме кетіп барамын
    17 Қыркүйек, 11:48
    Кеш оянған махаббат
    12 Қыркүйек, 10:23
    Бәрінен шаршап кеттім
    8 Қыркүйек, 18:03
    Мен бөлеме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31