Отбасы - ошақ қасы

Бөгде адамның қалжыңы ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болды

  • https://icocnews.ru/

    https://icocnews.ru/

Reddit сайтының қолданушысы орынсыз әзілдеймін деп ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

 Аталмыш сайттың "Бүгін мен шалыс бастым" атты айдарында showmeyourunit лақап атымен өз жағдайын баяндаған азамат өзінің орынсыз қалжыңдағанына өкінетінін алға тартты.

 

Айтуынша, ол дүкен кассасында тұрған әйелге толықтығын бетіне басып қалжыңдай бастаған. Әйелдің қасында тұрған күйеуі ер адамның бұл қалжыңына қосыла кетіп, бірге күле бастайды. Ол әйеліне жақтасудың орнына, әзілқоймен бірге қалжыңға ортақтасқаны үшін оңбай опық жейді.

 

"Толық әйелдің артында кезекте тұрғанмын. Артынша, бір ер адам келіп, "мен ол әйелдің күйеуімін" деп өткізіп жіберуімді сұрады. Мен "сіздің мұндай "бақытқа" ие болған қайғыңызға ортақпын" деп қалып едім ол күліп жіберді. Мұндай қалжыңым, бәлкім жақын достарымның арасында ғана орынды болар ма еді? Алайда бейтаныс адамдарға бұлай әзілдегенім дұрыс болмады", - дейді ол.

 

Әйел күйеуіне ашуланғаны соншалық, "Не үшін күлесің, біз жаңа ғана отбасылық психологта болдық емес пе, сен үшін бұл күлкілі көріне ме?" деп айқайлап жіберген. Ол дүкеннен шығып кетіп, күйеуі артынан жүгіріп шығады.

 

Әзілқой болса, дүкендегі саудасын жасап болып, сыртқа шыға бергенде әлгі ерлі-зайыптылардың сыртта әлі де жанжалдасып тұрғанын байқайды. Әйел өзін мазақ еткен азаматпен бірге күліп тұрған күйеу оған қажет еместігін айтып, дәл сол жерде ажырасатынын мәлімдеген.

 

Өз оқиғасымен бөліскен әзілқой жігіт өзінің қателігін қайталамауға шақырды. Ол ендігі бөтен адамдарға абайлап қалжыңдайтынын айтуда.

 

 

 




Көрілген: 2461    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 14:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 22:10
    Баланың киесі ұрады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30