Отбасы - ошақ қасы

Бос сөзге қарқ болып, абыройымнан айрылып қала бердім

  • Бос сөзге қарқ болып, абыройымнан айрылып қала бердім

    Бос сөзге қарқ болып, абыройымнан айрылып қала бердім

 Мен сіздерден жəне оқырмандардан бір жайтқа қатысты кеңес сұрағым келеді. Тұрмысқа шықпаған қызбын. Алайда, үш жыл бұрын бір жігітпен жүріп алданып қалдым. Сүйем деді, күйем деді. Ақыр соңында бос сөзге қарқ болып, абыройымнан айрылып қала бердім.

Ол жігіт қазір елде емес. Германияға машина жасап сататын компанияға жұмысқа тұрып кетіп қалды. Біз екеуміз тоқсан күн ғана жұп болып жүрдік. Сол менімен жүріп жүргенін де шетелге кететінін еш айтпады. Үйленеміз деп, маған жарым боласың деп, торына түсірді.

Өткен іс өтті. Өкінгеннен пайда жоқ. Қазір, жұмысымда бір жігіт соңымнан қалмайды. Мен де шын көңілі бар секілді. Сезімін байқамаған адам құсап, көрген нəрсемді көрмеген кейіпке енуден басқа ештеңе жасай алмаймын. Өткенімді білсе... Оңтүстіктің баласы бетіме қарар ма екен? Жалған айту болмысымда жоқ. Алдандым. Алдаған адамда жетісіп жүрмеген шығар. Ол жігіттің сезіміне қалай жауап беремін? Ол ойлағандай жан емеспін. Бекерге сыйласып жүрген жаннан айрылып қалмаймын ба? Ойлай беріп, ақылдан адасатын болдым.
 




Көрілген: 2909    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 08:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30