Отбасы - ошақ қасы

"Бойдақтар дүре соғылады, үйленгендер өлім жазасына кесіледі". Мамандар опасыздықтың негізгі себептері мен оны жазалау жайлы айтты

  • "Бойдақтар дүре соғылады, үйленгендер өлім жазасына кесіледі". Мамандар опасыздықтың негізгі себептері мен оны жазалау жайлы айтты

Қазіргі уақытта елімізде шаңырағы шайқалған отбасылар көбеюде. Оған психологтар ерлі-зайыптылар арасындағы сенімнің жоғалуы себеп болып отыр дейді. Отбасылық өмірде ер мен әйелдің қарым-қатынасында сенім - маңызды компонент. Бір-бірінен сырларды жасыру, өтірік айту сенімнің азаюына әкеледі. Өз кезегінде жарынан сенімсізденетіндер сырласты басқа жақтан іздейді. Адам опасыздыққа не үшін барады, оны алдын алудың жолдары бар ма? Ислам опасыздық жайлы не дейді? Stan.kz тілшісі анықтап көрді.

Өз серігіңе адал болмау батыс әлемінде табу ретінде қарастырылады. Оған қарсы факт ретінде көп әйел алу сияқты полигамдық позиция ұстанатын шығыс елдерін мысалға келтіруге болады. Көзге шөп салу адамдың жеке, отбасылық өмірін бұзып қана қоймай, оның психологиясына қатты әсер етеді, кейде тіпті өмірін бұзады. Опасыздық жасаудың себептері көп, өз серігін арадағы сезім бола тұра арбайтындар кездеседі. 

 
Неге кейбір адамдар өз серіктеріне опасыздық жасауға бейім болады. Оның ғылыми негізі бар ма? Әлемдегі барлық сүтқоректінің шамамен 3%-ы моногамды, бұл басқа жануарлар топтарымен, мысалы құстармен салыстырғанда өте аз, олардың арасында моногамия 90% жағдайда жиі кездеседі екен. 

Көзге шөп салудың алдын алу үшін не істеу керек?  

Отбасылық сарапшы Ақан Мергембай сенім деген ұғымды ер мен әйел екі түрлі түсінеді, дейді. 

"Ер мен әйел «сенім» деген нәрсені екі түрлі түсінеді және солай болу керек те. Себебі, біздің орталықтың, жұмысымыздың принциптерінің бірі сол &ndash ер мен әйелдің жағдайын бірдей деп қарастырмау. Олардың ойлауы, қабылдауы, психологиясы және т.б. жағынан екі түрлі екенін ескеру керек. Мәселен, ер адам үшін көбіне сенім - әйелінің адалдығы, көрсеткен құрметі, бойұсынғаны меңзеледі. Ал, әйел адам болса, сенім деген кезде, күйеуі үшін ақ парақ болуды, өмірінің бар қыр-сырын, орын алған әр жайтты білгенін қалайды және солай болуы да дұрыс. Күйеуі әйелінің өмірінде орын алған бар жайтты білгені жөн", - дейді маман.

Оның сөзінше, мұндайда келіспеушілік туындайды.

"Әйел өзіндегі бар нәрсені айтқаны үшін күйеуінің де өз өмірінен бар нәрсені айтқанын талап етеді. Алайда бұл әрекет ер адам үшін сенім емес, керісінше сенбеушілік деп қабылданады. Себебі, ер адам ол нәрсені әйелдің «Басқарғаны, қадағалағаны, еркінен айырғаны»  деп түсінеді. Сондықтан жабық бола түседі. Көзге шөп салуға байланысты да тәжірибеден көргенім сол. Көбіне, ер адам әйелінен құрмет көрмеген кезде, әйел күйеуінен арқа сүйеу көрмеген кезде сырттан басқа біреуге қарай бастайды. Демек, бір әрекеттің өзін әйел адам тарапынан бөлек, ер адам тарапынан бөлек қарастыру керек. Бір шаблон бәріне бірдей келе бермейді. Жұбайлардың екеуіне бір-бірімен қарым-қатынаста «комфорт» болса, көзге шөп салу дегенге бармайды деп ойлаймын. Егер тек қана психологиялық тәуелділік немесе ауру т.с.с. болмаса", - дейді Ақан Мергембай.

Өз серігін алдау неден туындайды?

Отбасылық маманның айтуынша, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бәрін мына екі сөзге алып сыйғызуға болады: сенемін/сенбеймін.

"Егер әйел күйеуіне сенетін болса, телефонын тексермеу керек, үнемі бақылауда ұстамау керек. Егер ер әйеліне сенетін болса, жөнсіз қызғанбау, өтірік айтпау, себепсіз тиісе бермеу керек болады. Ал, сенбеген жағдайда кез келген сорақылық жасауға болады. Отбасы ол тек жақсы көруден немесе махаббаттан ғана тұрмайды. Отбасында басқа да үлкен компаненттер бар. Олар сыйластық, құрмет, бір-бірін қадірлеу, жүрек тыныштығы,  жауапкершілік, аманат т.б. Ал, оның ішінде  «жақсы көру» солардың бірі ғана және ең әлсіздерінің бірі. Себебі, махаббаттың өшуі үшін, сезімнің сууы үшін  бір-екі айқайдың өзі жеткілікті. Жақсы көрудің орнына жек көрініш туып кетуі әбден мүмкін. Меніңше, сезімнің бар болғаны жақсы, ал оны сақтай алу одан да маңызды", - дейді отбасылық маман.   

Жастардың жеткілікті деңгейде &ldquoқыдырып&rdquo алмағандығынан жастай үйленгендердің отбасы жиі бұзылып жатады деген стереотип жалған, дейді маман. Айтуынша, керісінше  "қыдырып" алғандардың отбасы өте әлсіз болады.

"Себебі, бір-бірінің өткеніне деген күмәнмен қарау, сенбеу, белгілі мінездің қатып қалғандығы, иілмеушілік, кешіре салудың қиындығы т.б. мәселенің шешілуіне өз кедергілерін келтіреді. Жастай үйленгендердің отбасы жиі бұзылуына себеп, меніңше, басқада. Ол біздің отбасылық өмірге дайындалмайтынымызда. Иә, өкінішке қарай, біздің отбасылық өмірге дайындығымыз тойға деген дайындықтан ары аса алмай қалған. Яғни, той өткізу үшін керек тойхана, қыз баланың көйлегі, ондағы әншілер, бишілер т.б. жайлы бас қатырамыз да, ал, тойдан кейінгі өмірге маңыз бермейміз. Бұл туралы шаңырақ көтеретін адамдарға ешкім айтпайды да. Ал өз өмірінен өнеге айтатындар жоқтың қасы. Себебі, көпшілік отбасылар қарым-қатынастарында үлгі боларлық дүние аз. Қазіргі кезде, біз осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Үйленбе...» деген кітап дайындап жатырмыз. Оның мәні «дайындалмайынша ҮЙЛЕНБЕ» деген сөз", - дейді маман.

Отбасылық сарапшы Ақан Мергембай «қазақи отбасы институты» үлкен дағдарысқа ұшырағанын айтады.

"Біздің елімізде «Отбасының» хәл-ахуалы мүшкіл. Оған дәлел ретінде ажырасудың статистикасын келтіру аздық етеді деп ойлаймын. Бұл мәселенің түп-төркіні тереңде. «Отбасын» қоғамдық бір институт деп қарайтын болсақ, ол да мәдениеттің бір бөлшегі екенін көреміз. Қазір біздің отбасы мәдениетіне нұқсан келді. Оған басты әсер етуші «орыс мәдениеті» болатын, қазіргі кезде «батыс мәдениетінің» лебі қатты сезіледі", - дейді ол.

Айтуынша, егер осылай жалғаса беретін болса, қазақтың отбасы түсінігі еуропадағы ерлі-зайыптылар қарым-қатынасына айналады. Яғни, неке деген болмайды, оның орнына бірге тұру деген азаматтық неке болады. Ер адам отбасын қамтамасыз етпейді ата-енемен тұру жойылады, дейді ол.

Өмір адам қаласа да, қаламаса да жалғасады, дейді маман. Ақан Мергембай мұндай жағдайға түскен адамға өз-өзіне келу үшін гештальт терапия саласының мамандарына жүгінгені жөн екенін айтады.

Кейбір мемлекеттерде, діндерде опасыздық жасағандарға арнайы жаза қолданады

Опасыздықты  жасаған адамды жазаға тарту үшін Тәуке хан керек шығар. «Жеті жарғыда» бұл қылмысқа қатысты арнайы жаза қолданылатын болған. 

Бойдақ жастар осындай іс-әрекеттерге баратын болса, дүре соғып жазалануы керек дейді. Ал егер ерлі-зайыптылар арасында мұндай әрекет жасаса және ол нақты анықталатын болса, ол өлім жазасына кесіледі деп айтылған. 

Опасыздықты кешірген дұрыс па?

Бұл жеке қаралатын мәселе. Көзге шөп салу жайлы мамандар емес, жұбайы шешуі керек. Кешірем бе, жоқ па деген кезде ол адамның ішкі құндылықтары шешеді деп ойлаймын. Оған бір жақты жауап беру қиын. Бұл кезде меніңше, өз пікірін тықпаламайтын, адамның жеке өзіне шешім шығаруына көмектесетін мамандарға барып жолыққаны жөн. Бәрінен де, ең абзалы көзге шөп салатындай қадамға апармау жолдарын қарастырған дұрыс. Яғни, ерлі-зайыптылар бір-бірін аңдуға емес, керісінше, ортада түсіністік пен сенім орнатуға, жұбайлардың екеуіне де бір-бірімен жайлы болатын жағдайға жұмыс істеу керек деп білем. Біз осы бағытта, жұбайлардың қарым-қатынасын жандандыруға, екеуінің бір бүтін бола түсуіне  қызмет көрсетеміз.

Ислам опасыздыққа не дейді?

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл шариғат бойынша некені қиып заңдастыруға шақырады неке сенім махаббат сүйіспеншілік негізінде құрылатын одақ дейді. Айтуынша, неке екі жақты келісіммен құрылуы керек. 

"Ислам діні шариғатта өмірдегі, құшлықтағы, отбасындағы, сауда саттық бойынша барлық мәселерге жауабын берген. Алла тағаланың Құран кәрімде өздеріңе ұнаған әйелдердің екеуіне, үшеуіне, төртеуіне үйленіңдер деп бұйырған. Бұл талап, міндет емес. Бұл ер азаматтық құқығы. Мүмкіндігі болса бір әйелге үйленеді. Ал бір әйелге үйленуге мүмкіндігі болмайтын болса, сендер оразаны өздеріңе лазым етіңдер, нәпсілеріңді тыйыңдар, шәуеттеріңді басыңдар деген хадистертер бар. Шынында ер азамат бір әйелге үйленуге де жағдайы болмауы мүмкін", - дейді ол.

Айтуынша, физикалық талабы мықты, жағдайы келіп тұрса, оған екі, үш, төрт әйелге үйленуге рұқсат етіледі.

"Бұл Алла тағаланың бұйрығы, оны мұсылман адам талқыламайды, қарсы келмейді. Әр адам мұны дұрыс түсінуі керек, бұл ер азаматтың құқығы, міндеті емес.  Егер әйелдердің арасында әділдік сақтай білсе, моральдік, материалдық жағынан жағдай жасаса, дау туғызбайтындай отбасылық істерін жүргізсе, шариғат оған қарсы болмайды. Екі мақсатта неке қиылады: біріншіден, ұрпақты жалғастыру, екіншіден, адамды харамнан тыю", - Хасан Аманқұл. 

Көзге шөп салу зина деп айтылады, дейді ол. Көп әйел алу ер азаматты некесіз басқа әйелмен қосылуға, ойнастық жасаудан - зинадан тыяды.

"Себебі оған уақыты да болмайды. Физикалық жағынан ағзасы талап етіп тұратын болса, бірақ оған қоғам сынай қараса, ол еркек шариғаттан тыс жолдары қарастыра бастайды. Алла тағала Исра сүресі 32-аятында "Зинаға жоламаңдар, өйткені ол анық арсыздық пен жаман жол" деп айтып өткен. Әйел кісілерге өзге ер азаматтарға қарамаңдар деп айтылған. Пайғамбарымыз некесіз жыныстық қосылу, зинақорлық пайда болатын болса Алла тағала сендердің араларыңды эпидемия, түрлі ауру көрсетеді, жазалайды деген хадистер. Әйел кісілер ашық шашық киінбеу керек. Ер азаматтар мен әйелдің оңаша қалатын түнгі клубтар сияқты орындарда кездесуді тоқтату керек", - дейді ол. 

Жастай үйленгендердің ажырасу себебі

Отандық сексолог Жанна Өтемұратова cенім жоқ жерде, отбасы да жоқ, дейді.

"Ерлі-зайыптылардың үйленудегі басты мақсаты - қиын-қыстау кезең болсын, қуанышты сәт болсын бір-біріне қолдау көрсету. Махаббат әлсірейді, ыстық сезім суи бастайды. Сол кезде отбасын ұстап тұратын нәрсе бір-біріне деген сенімділік, адалдық. Егер ол нәрсе болмайтын болса ерте ме, кеш пе отбасы құлайды", - дейді маман.

Оның пікірінше, бір-бірін сүйіп қосылған, жастай үйленген "қыдырып" үйренген азаматтар ауру қалса да, әдет қалмайды демекші мұндай оңды-солды жүрістерін доғара алмайды.

"Оңтайлы сәт келсе әйелінің көзіне шөп салуға қарсы болмайды. Жастайынан үйленіп ажырасып кетіп жататындар өздерінің сезімін ақылына бағындыра алмағандықтарынан. Алып ұшып тұрған махаббатпен тез үйлене салады. Одан кейін бұл махаббат әлсіреген кезде жалт-жұлт еткен дүниеге қызығып сезімге бой алдырады. Меніңше, жастардың жиі ажырасуының негізгі себебі - ата-ана балаларға жыныстық тәрбиені дұрыс бермеуінен. Жасөспірімге өзінің нәпсісін ақылмен жеңу керектігін үйретпегеннен", - дейді Жанна Өтемұратова.

Көзге шөп салудың бір себебі - төсек ләззатын алмау

Сексологтың сөзінше, төсек ләззатын басты нәрсе етіп қарайтындар, көбіне әйелінен қанағаттанбағандықтан көзге шөп салады.

"Проблема екі жақтан болуы мүмкін. Егер әйел мен ер жыныстық қарым-қатынаста бір-бірінен ләззат ала алмайтын болса, бірге сөйлесіп, сол мәселені шешу керек болады. Оған бола оңды-солды жүрістерге салынып, ауру жұқтырып, жұбайының көңіліне кірбің салады. Бір рет опасыздық жасаған адам тағы да әрекетін қайталуы мүмкін. Өз серігіне адал болмаған адам ертең мемлекетін де сатып кетеді", - дейді ол.

Опасыздықты аяқ-асты жасалмайды

Ең бастысы адам өзі шешім қабылдау қажет. Бірақ ескеретін жайт бар. Көзге шөп салу аяқ-асты болатын жағдай емес. Бұл әдейі қасақана жасалған нәрсе. Адам жыныстық қатынасқа түсер кезде не істейін деп жатқанын біліп тұрады. Көзге шөп салғаннан кейін қатты өкініп, әрекетінің дұрыс еместігін түсінген жағдйда ол адамды кешіруге болады. Ал егер ондай жүрістерін доғармайтын болса, оны кешірудің қажеті жоқ. Оның жанында өміріңзді қор қылу, зая етудің қажеті жоқ. Семізді аяқ-асты ететін, сені бағаламайтын адамның қасында жүру бекершілік. Қалай болса да жанымда жүре берсін деген ойдан аулақ болу қажет. Себебі екеуі бірге болғанның өзінде толыққанды отбасы бола алады деп айта алмаймын. Ақылмен емес сезіммен өмір сүретін адамдар, сезімге бой алдыратындар опасыздық жасайды", - дейді Жанна Өтемұратова. 

Менталды опасыздық физикалыққа қарағанда сорақырақ па?

Адам бірден барып біреумен төсектес бола салмайды, ең бірінші оның ойына бұл идея келеді, дейді маман. Сондықтан ой, тәнмен де отбасына адал болуға шақырады.

"Отбасы бұл кішігірім мемлекет. Егер біз өз отбасымызда басқа бір мемлекетті ойлап Ойыңмен отбасыңа опасыздық жасап отыратын болсаң, оның іргесі мықты болады деп мен айта алмаймын. Ер адам болсын, әйел адам болсын шаңырақ құрған соң отбасылық құндылықтарын бірінші орынға қою керек. Бала-шағасының тәрбиесі, әйел ер адамнан қолдау көрмесе, бақытсыз болады. Ер адам да сол сияқты жарынан шаршап келгенде қолдау көрмесе,  үлкен жетістіктерге жете алмайды. Сол себепті ер де, әйелде жауапкершілігін дұрыс атқару керек", - деп қорытындылады . 

 

 stan.kz




Көрілген: 3233    Пікірлер: 0

жұма, 11.12.2020, 18:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 18:34
    Өз әйелім соттатты
    15 Ақпан, 09:12
    Күйеу үшін күрес...
    28 Қаңтар, 23:28
    Құрбыма жаным ашиды
    26 Қаңтар, 15:51
    Өзге қызға ғашықпын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31