Бір-бірімізге жау сияқтымыз

11 қараша 2019, 10:03

Сәлеметсіздер ме, жазғанымды шығарсаңыздар екен. Отбасын құрғаныма 2 жыл болды, кішкентай қызым бар, шүкір! Бірақ осы 2 жыл уақыт өтсе де күйемімнің ата-анасы, бауырларына мүлдем жүрегім жылымай қойды, онша араласқым келмейді. Ата-енем алғаш келін болып түскен кезімде тойымызды жасап берген жоқ ,не беташар жасаған жоқ, соған әлі ішім күйеді. Неге ел қатарлы ақ көйлек киіп, беташар неге жасамады деген ой мазалай береді. Жер алып береміз дегелі де 2 жыл болды әлі жоқ. Ауылдан өздері қалаға көшіп келді, өздерінің үйлерін бітірп әлек. Енеммен ара-қатынасым басында жақсы болған, қазір звандамаймын, сөйлескім келмейді, айтатыны өтрік. Үлкен ұлы үйленбеген, сол баласына әбден көңіл бұрып алған, менің күйеуіме дым жылулықтары жоқ. Ең бастысы, ақша алса болды, бізден сұрай береді. Үш қайын әпкем бар, олар да мінездері бірде бие, бірде түйе, артымнан неше түрлі әңгіме айтып, бетке күліп отырады. Осындай арақатынастан шаршадым, бір-бірмізге жау сияқтымыз.

Аноним