Отбасы - ошақ қасы

«Бір күнде төрт еркекпен жыныстық қатынасқа түсесің»: Адвокат алимент алып беремін деп жас қызды зорлап келген (ВИДЕО)

  • «Бір күнде төрт еркекпен жыныстық қатынасқа түсесің»: Адвокат алимент алып беремін деп жас қызды зорлап келген (ВИДЕО)

    «Бір күнде төрт еркекпен жыныстық қатынасқа түсесің»: Адвокат алимент алып беремін деп жас қызды зорлап келген (ВИДЕО)

Анардың айтуынша, өзінен 18 жас үлкен адвокат осылай сенімге кіріп, кейін күш көрсетіп зорлаған.

Адвокат 21 жасар қызды 8 ай бойы зорлап, қорлық көрсетіп келген. Ал адвокаттың қорқытып-үркіткен аудиожазбасы халықты тіптен шошытты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия арнасының "KOREMIZ" ток-шоуына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысының тұрғыны Анар 18 жасында тұрмысқа шыққан. Балалы болған болған келіншек дәм-тұзы жараспай күйеуімен ажырасқан. Кейін одан заңды түрде алимент өндіріп алмақ болады. 

Көп ұзамай ғаламтордағы сайттардың бірінде өзін адвокатпын деп таныстырған Әсет есімді азамат алимент алып беремін деп қызды құрығына түсірген. Қорғаушы өзін әр түрлі есіммен таныстырған. Отбасылы емеспін, басым бос деп алдаған. 

- Басында сен сияқты қыздарға көмектесіп жүрмін, алимент алып беремін, тіпті тегін жасаймын деді. Кейін сен ұнайсың деп сезімін білдірді.

Анардың айтуынша, өзінен 18 жас үлкен адвокат осылай сенімге кіріп, кейін күш көрсетіп зорлаған. Артынша бұл ісін тұрақты түрде жалғастырып келген.

- 8 ай бойы зорлап келді. Есіктің алдына келіп,  көлігінде зорлайтын.

Одан кейін бір күнде төрт еркекпен жыныстық қатынасқа түсіп, видеосын жібер деді. Айтқанын істемеген соң, екі досымен жыныстық қатынасқа түсуім керегін айтты. Оны да видеоға түсіріп жібер дейді, әбден қорлық көрген қыз. 

- Өзімді өлтірмекші болдым. Сіңілілеріммен, ініммен, қызыммен қорқытты. Айтқанымды істемесең, оларды жоқ қылып жіберемін дейді.

- Шаруам жоқ, айтқанымды істейсің, деп адам шошырлық боқтық сөздер жіберді ватсап желісі арқылы, деді қорлық көріп, қорқып қалған бойжеткен. 

Ал адвокаттың Анарға жіберген аудиожазбалары жаға ұстатарлық. Осындай қорқытып-үркітуді үнемі естіген Анар амалсыз барлық айтқандарына көнуге мәжбүр болған көрінеді. Ең соңында өзіне қол жұмсауға бекінген. Ал полиция арызданғанымен нәтиже болмапты.




Көрілген: 9661    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 02:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қаңтар, 01:49
    Қашып кеткім келеді
    12 Қаңтар, 10:33
    Нәпсіге ерік беріп...
    27 Желтоқсан 2021
    Пышақ кезенген перзент...
    21 Желтоқсан 2021
    Бұл махаббат па...
    20 Желтоқсан 2021
    Досымның әйелімен...
    15 Желтоқсан 2021
    Сүйем деді, күйем деді
    13 Желтоқсан 2021
    Жоғалып табылған қыз
    12 Желтоқсан 2021
    Қорлығына шыдай алмадым
    16 Қараша 2021
    Әйелімді қимаймын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31