Отбасы - ошақ қасы

Бір күйеуіңді сыйлай алмасаң, несіне әйел болып жүрсің?

  • Бір күйеуіңді сыйлай алмасаң, несіне әйел болып жүрсің?

    Бір күйеуіңді сыйлай алмасаң, несіне әйел болып жүрсің?

Меніңше біздер төмен етектілер қауымы еркектерді құрметтемейміз. Сөздеріне құлақ асып соңына дейін тыңдамаймыз. Тіпті, көптеген əлеуметтік желілерде де өтіп жататын пікірталаста пасық намысымыз басқа теуіп басымыздан сөз асырғымыз келмей, жеңу мақсатында ер-азаматтарға "ҚАТЫН" деп айтып кейінгі жас қыздарға үлгі болып жүрміз.


Оны көрген қыз демек еркек қарсы сөйлесе "ҚАТЫН" деген сөзбен жеңеміз деген ой түйеді. Содан соң ол жігіт қайбір қатын атанғысы келсін, үндеместен тілін жұтады да қояды. Болмашы нəрсе болып көрінгенімен осының бəрі еркектің ездігіне алып келеді. Қандай жағдай болмасын ер жігіттің намысына тиісуге əсте болмайды. ЕРКЕК деген сөзін өткізе алатын өр болу керек. Өрлігіне қарай өре түрегеліп намысын тұншықтырмалық, жігерінің жағасынан алып тілдемелік! Беттен алып төске шабар көргенсіздік тек желіде емес əрі қарай өміріңде де əдетке айналып кетуі мүмкін.


Атамның Манат деген қоңырат руынан шыққан əжесі болған. Сол əжем соғыс заманында ауылда қалған əйелдердің етегіне ие болып басқарып отырған. Жақын көретін бір қайнысы жуастау болған екен дейді. Бір аяғының қысқалығынан соғысқа бармай ауылда қалған. Бір күні əжеміз əлгі қайнысының үйіне барып қалып ұрыстың үстінен түскен ғой, сол үйдегі əйелдің еріне "қатынсың" деген сөзін естіп бірден төрге қарай қадам басады, қақ төрде ілулі тұрған қамшыны қолына алып тілі ұзын келінінің жон арқасынан осып- осып жіберген екен жарықтық. Сол таяқ жеген келіні əжеміздің көзі кеткен соң да ерінің бетінен алуды доғарып, "қатын" деген сөзін айтпай күйеуін сыйлап өтіпті. Айтуға тілі бармаған, кейуананың əруағын сыйлаған. "Мені тəубама түсіріп есімді жиғызған қамшының ізінен, Манат əжемнің тəрбиесінен айналдым" деп өмір бойы үлгі етіп кеткен екен жеңгеміз. Бұл болған оқиға. Бүкіл ауыл əлі күнге айтады. Бұрынғының əйелдері еркектің бетіне келмеген. Еркектің тұғарының биік екенін келіні мен қызына үйретіп отырған ЕНЕЛЕР мен АНАЛАР еді. Қəзіргілер бетпақтық пен шайпауыздықты қайдан алған?


Бұрынғының ата-анасы:


"Жігіттікі қашанда жөн,

Қызым-ау сен қашанда көн" - деген тəрбие бергеннен ер жігіттердің орны таудай биік болған. Əке асқар тау деген содан қалған. Қəзір əкелер қауымы ескерілмейді де. Орнын ана басқан. Ана деген қəсиетті, бірəқ алтын басты қатыннан бақыр басты еркекті құндырақ көрген біздің қасиеттің құнын білген ата-бабамыз.


Еркектің жəннаты - əйелі емес, ата-анасы,

Əйелдің жəннаты - ата-анасы емес, күйеуі!


Осыдан - ақ кімнің орны қайда екені тайға таңба басқандай айқын. Қазақия жігіттерінің рухының бұрынғыдай даланы дүбірлетер құдіретті болғанын қалаймын.


Қазақ қызы сен тектіден туғансың!


(с) Ұлданай Талғатқызы facebook.com парақшасынан


 




Көрілген: 1279    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.01.2019, 14:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 09:40
    Баламды бергім келеді
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30