Отбасы - ошақ қасы

Бір рет сүрінген соң екінші қадам жасауға қорқамын

  • © Mydiscoveries.ru

    © Mydiscoveries.ru

Сәлеметсіздер ме құрметті қыз-келіншектер! Бүгін көпті көрген әпкелерден ақыл-кеңес сұрағым келеді. Сондықтан бар жігерімді жинап басымдағы жағдайды жазып отырмын.


Жасым 24-те. Тұрақты жұмысым бар, ата-анаммен тұрамын. 19 жасымда өз құда балам алып қашып, бірақ некеміз сәтсіз болып ажырастық. Қазір 4 жасар қыз тәрбиелеп отырған анамын. Осы күнге дейін қуанышым да, жұбанышым да қызым болды.


Негізі Алматының қызымын, бірақ отбасымызбен Қарағанды қаласына көшіп келдік. Қазір осында жұмыс істеп жатқаныма 2 жыл болды. Енді айтпағым, өмір бойы тек қызым үшін өмір сүремін, оқытамын, әкесінің жоғын білдірмей, ешкімнен кем қылмай өсіремін деп мақсат қойғам.


Қазір жұмыста үйленбеген жігіт сөз салып тұрмысқа шығуымды өтініп жүр. Өзі орысша тәрбиеленген. Ұрысып та, жәй сөзбен де түсіндірсем қояр емес. Сенің өткен өмірің маңызды емес, сені бақытты етемін деп қоймайды. Бір мекемеде жұмыс жасаймыз. Ол беделді инженер, мен аудармашы болып істеймін. Қызым барын да біледі. Оны айтсам, қызың ешқандай мәселе тудырмайды, тегін өзгертіп менің қызым деп жазғызамын деп әлек болып жүр. Осылай ұсыныс жасағанына 1 жылдың көлемі болды.


Бір рет аузың күйген соң, қатты қорқады екенсің. Қанша айтқанмен бұл деген үлкен жауапкершілік қой. Оны жан-жағынан сынап-тексеріп, біліп жүрмін. Әзірше жаман қырын көрмедім. Айтқанымды екі етпей орындайды. Төсек мәселесін қозғамайды мүлдем, (басқа еркектердің көкейінде тек сол тұрады байқағаным). Тұрмысқа шықшы дейді, қаласаң той жасаймыз, қаламасаң жасамаймыз дейді.


Енді мен білмеймін, қалай дұрыс шешім қабылдаймын және екінші рет тұрмысқа шыққанда бәрі басқаша болады ғой. Орамал салады ма? Той жасаған дұрыс па? Көпшіліктің барынша ақыл-кеңестерін алғым келеді. Рақмет!


 


Сәуле, Қарағанды

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1927    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.12.2018, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Наурыз, 14:21
    Күйеуім тастап кетті
    18 Наурыз, 14:39
    Енем үшін ұяламын
    13 Наурыз, 09:48
    Мен неге ажырастым?
    12 Наурыз, 10:50
    Мен 20-да, ол 40-та

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31