Бір үйдің он қызы әкелеріне көлік сыйлады (видео)

22 желтоқсан 2021, 08:11

Әлеуметтік желіде әкесіне Нива көлігін сыйлаған бір үйдің 10 қызы жайлы видео желіқолданушыларды ризашылыққа бөледі. Ел сүйсінген оқиға Ақтауда болған.

 

Instagram желісіндегі Gakku.kz парақшасында жарияланған бұл бейнежазбаны екі күннің ішінде он мыңнан аса адам көріп, бес жүзге жуық жылы пікір жазып үлгерген, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Кадрда бір шаңырақтан түлеп ұшқан 10 қыз әкесі мен шешесінің көздерін байлап, бір ғимараттың ауласына алып келеді. Сосын әкелеріне көліктің кілтін тапсырып, шашу шашып жатқаны бейнеленген.

 

 

Желіқолданушылар бір шаңырақтан түлеп ұшқан он қыздың ата-анасына деген құрметіне ризашылығын жасыра алмауда.

 

"Қандай бақытты жандар, осындай қыздар тәрбиелеген?", "Бізге де жұғысты болсын", "10 қыз да, күйеу балалары да мықты екен. Жарайсыңдар!", "Барлық ата-ана осылай балаларының құрметіне бөлене берсін", — деген секілді жазба видеоның астында өте көп.