Отбасы - ошақ қасы

Біреудің бақытын ұрлаймын деп ойламаған едім

  • Біреудің бақытын ұрлаймын деп ойламаған едім

    Біреудің бақытын ұрлаймын деп ойламаған едім

  Жасым - отыз тоғызда. Ақтаулықпын. Бір Шымкентке қыдырып барам деп, кездейсоқ алып қашудың құрбаны болдым. Алып қашқан жігіт жайлы ойланғым да келмейді. Туғалы ауылдан адым аттап шықпаған, əріпті де дұрыс танымайтын тəрбиесіз біреу. Мақта терумен айналысатын, əр күні ішіп келетін. Мен бірдеңе десем, маған қол көтеретін. Əр түнде қасыма жақындаған сəттер жаман жиіркенетінмін. Əйелдің жиіркеніші дегеніміз - амалсыз көндігумен аяқталады екен. Сосын төртінші айда жолдасымның əдепсіз əрекеттеріне шыдай алмай, үйден қашып кеттім. Ақтауға итке ұқсап құр сүлдерімді сүйретіп əзер жеттім. Содан ол мені іздеп келмеді. Келмегеніне де шүкір.

Иə, мен солай бір рет тұрмыста болдым. Сосын үйге келген соң жұмысқа тұру үшін əрекеттендім. Ол əрекетімнен түк нəтиже шықпады. Сүйтіп, сандалып жүргенімде Сейтпен таныстым. Сейттің өз кəсібі бар. Тері өңдеумен айналысады. Жақсы жігіт. Жасы - жиырма жеті де. Менен жасы кіші. Дегенмен, бұрын сезінбеген сезімдер мен бөленбеген құрметтерге қазір бөленіп жатырмын. Сейттің Бакуде əйелі бар. Мен соған қарамастан оған есім кете қатты ғашықпын. Ол да мен деген де бір сезімнің жалынына өртенетіні анық. Мен оның дүниесін емес, сом тұлғасын, азаматтығына ұнатамын. Не істеймін? Біреудің бақытын ұрлаймын деп ойламаған едім. Бірақ, сезімге шектеу қоя алар емеспін. Мезгілсіз келген сезім мерт етер деген шындық екен.Бәлкім бағым сол жігіт шығар...

Майра
 




Көрілген: 3968    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.07.2020, 19:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қыркүйек, 16:15
    Әйелдің өлімі...
    7 Қыркүйек, 14:38
    Күйеуімді ынтық еттім...
    2 Қыркүйек, 22:05
    Нағыз еркектен қыз туады
    1 Қыркүйек, 15:44
    Туған ағамнан жеріндім...
    31 Тамыз, 10:45
    Анама жар іздеймін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31