БҰЛ ЕРЕЖЕНІ сақтамаса әйел ЦИСТИТКЕ ұшырауы мүмкін

БҰЛ ЕРЕЖЕНІ сақтамаса әйел ЦИСТИТКЕ ұшырауы мүмкін

АУЫРМАУ үшін мұны жыныстық қатынасқа ДЕЙІН жасау керек, - деп жазды ERNUR.KZ.

 

Төсек қатынасының да өз гигиенасы бар. Оның ережесі, тәртібі бар. Денсаулығын ойлаған, өзін қадірлей білетін әйел немесе еркек болсын, бұған мұқият болуы керек.

 

1. Кез келген жыныстық қатынас алдында және соңында әйел де, еркек те ҚОЛЫН ЖУУЫ қажет.

 

2. Жыныстық қатынастан соң 15-30 минуттан кейін міндетті түрде дәретке шығу керек. Егер сіз қуығыңызды босатпасаңыз, зәр шығару жүйесіне инфекция түсіріп алу қаупі жоғарылайды. Әсіресе, әйелдердің уретрасы қысқа және тым жақын болғандықтан қынаптағы сұйық арқылы түсіп кетуі мүмкін. Сырттан келетін бактериялардың көпшілігі қабынуға апарып соқтырады. Егер сіз әр жыныстық қатынастан соң уақытында дәретке шығып қуық босатсаңыз, бактерияларды да қоса «шайып» тастаған болар едіңіз. Әсіресе, циститке ұшыраудың қаупі азаяды.

 

3. Жыныстық қатынастан соң ешқашан бүркіп жумаңыз! Қынапты бүркіп жуу (спринцевание) ондағы тепе-теңдікті бқзып, қышқылды ортада бактериялардың көбейіне қарсы тұратын лактобациллді азайтып жібереді. Бұлайша жуып тастау арқылы сіз ауру тудыратын вагиниттердің көбеюіне жол ашасыз. Бүркіп жуу, қынапқа түрлі дәрілік қоспалары бар сұйықтықтарды жіберу – жыныстық жолмен жұғатын аурулардан құтқармайды! Ешқашан бұлай жасамау керек! Қынаптың өзін өзі қорғай алатын мүмкіндігі бар. Табиғи тазару жолын қолдан бүлдіріп алмаңыз. Ал қорғану керек болса, оны жыныстық қатынасқа түспей тұрып қолға алу керек. Оның түрлі әдістері жеткілікті.

 

4. Жыныстық қатынасқа дейін және кейін тек жылы сумен жыныс мүшелерді жуу керек.

 

5. Жыныстық қатынасқа дейін бір стакан су ішіп алыңыз. Бұл сізге осы кеңестер топтамасының 2-шісін орындауға көмектеседі.

 

6. Ылғалды және жылы жер – бактериялардың өсіп-өнуіне өте қолайлы. Сондықтан, ішкиім еркін тұратын, денеге ауа баруына кедергі келтірмейтін болуы тиіс. Жыныстық қатынастан соң жуынып, еркін де қолайлы, ешбір жерді қыспай тұратын ішкиім немесе жатарға киетін киім киген дұрыс. Денге жабысып тұратын кеудеше мен леггинсы төсекте сымбатты етіп көрсетуі мүмкін, бірақ жыныс мүшелері де демалуы керек.

 

7. Жыныстық қатынаста «ойыншықтар» қолданасыз ба? Ол да таза болуы тиіс. Әрбір қолданыстан соң жуып-тазалап, қолдану ережесіне сәйкес пайдалау керек. Мұндай «ойыншықтарды» басқалармен ауысып «ойнауға» болмайтынын қатаң есте ұстаған жөн.

 

8. Жыныстық қатынасқа түсер серігіңіздің жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекцияға талдау жасатуын өтіну қазір жаңалық емес. Егер күдігіңіз болса, ашық айтқан жөн. Кейін өкінгеннен араны қатынас басталмай жатып ашып алу – дұрыс қадам.

 

9. Некелі жұбыңызбен бірге әрбір 6 айда маманға тексеріліп тұру керек. Бұл тек деннің саулығы үшін ғана емес, болашақта дені сау баланың құрсақта пайда болуы үшін де маңызды. Бала «жасамай» тұрып, оның денсаулығын ойлау керек.

 

10. Жыныстық қатынастың түрін ауыстырған кезде де жыныс мүшелерін арнайы майлықпен сүртіп тазартып отырған дұрыс. «Ойыншықтарды» да жуып алған абзал.

 

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста